Офтальмолог-резиденттердің жас ғалым Мұхит Құлмағанбетовпен «Өнеге» жобасы аясында кездесуі

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де 2026 жылы 14 мамыр күні Университетіміздің түлегі, әлемдегі үздік кванттық офтальмолог, кванттық физика маманы, Кардифф университетінің PhD докторы Мұхит Құлмағанбетовпен «Өнеге» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуге дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы, ЖМ-1 мектебінің деканы, офтальмология кафедрасының профессор-оқытушылары, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұжымы және резидент-офтальмологтар қатысты.

Мұхит Құлмағанбетов 2016 жылы ҚазҰМУ-дің интернатурасын аяқтап, 2017 жылы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының резидентурасында оқып жүрген кезінде Уэльстегі Кардифф университетінің білім грантын жеңіп алады. Мыңдаған үміткерлердің арасынан білім грантын жеңіп алу Мұхит Асқарұлына жаңа белесті бағындыруына жол ашты. Уэльсте ол оптикалық жүйелер жасаумен айналысады. Осыған хабардар болған канадалық ғалымдар Мұхиттың болашағына үміт артып, оны жұмысқа шақырған. Олар жас ғалымға Гонконгте жаңадан құрылып жатқан кванттық офтальмология зертханасына жетекші болуға шақырған. Мұхит Ұлыбританияда жасанды интеллект негізінде көз ауруларының диагностикасы бойынша докторантураны аяқтағаннан кейін Гонконгтағы кванттық оптика зертханасының жетекшісі қызметін атқаруға кіріскен.

Мұхит ғылым жолында халықаралық деңгейде ғалыми жетістікке қол жеткізді. Оның жасаған жобасы 2025 жылы ICT Startup Award – Hardware and Device номинациясы бойынша үздік деп танылды және SLOPE атты инновациялық құрылғысы алтын жүлдеге ие болды. Дүние жүзінің ғалымдары бұл жобаның медицина саласы үшін өте маңызды және өзектілігін жоғары бағалады. Мұхит 2025 жылы Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін алды, бұл мараппаттың жас ғалымның жетістігіне берілген баға деп білеміз.

Кездесу барысында офтоломолог-резиденттер Мұхит Құлмағанбетовке көптеген сұрақтар қойды. Жас ғалым өзінің еңбек жолы туралы, оның қызығы мен қиындығы туралы баяндап берді. Сонымен қатар болашақ түлектерге ғылым мен инновация саласында әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуларына тілектес екенін жеткізді.