Өмірді құтқаратын білім: ҚазҰМУ резиденттері мектеп оқушыларына алғашқы көмек көрсету бойынша дәріс өткізді
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының бірінші оқу жылының резиденттері волонтерлік және ағартушылық қызмет аясында Алматы қаласындағы №157 мектептің оқушыларына алғашқы көмек көрсету бойынша білім беру дәрісін өткізді. Іс-шараға шамамен 200 оқушы қатысты. Қатысушыларға қауіпті жағдайларды қалай тануға, жағдайды дұрыс бағалауға және медицина қызметкерлері келгенге дейін қандай әрекеттер жасау керектігі түсіндірілді. Дәріс бағдарламасына қан айналымы тоқтаған кезде, құрысу ұстамалары, инсульт және тұншығу жағдайларында алғашқы көмек көрсету алгоритмдері енгізілді. Оқушылар инсульт белгілерін анықтауға арналған FAST-тестімен, жүрек-өкпе реанимациясының негізгі қағидаларымен, құрысу ұстамалары кезінде әрекет ету алгоритмімен және тыныс алу жолдары бөгде затпен бітелген жағдайда қолданылатын Геймлих әдісімен танысты. Дәріс интерактивті форматта өтті. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауларға қатысып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша түсініктемелер алды. Алған білімдерін бекіту мақсатында резиденттер шағын байқау ұйымдастырды. Бұл бастама оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар жарысқа белсенді қатысып, меңгерген білімдерін көрсетті. Іс-шараны ұйымдастырушылар әрі жетекшілер С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлері болды: медицина ғылымдарының докторы, профессор Б. Н. Раимкулов, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б. Р. Нұрмұхамбетова және кафедраның оқу ісі жөніндегі жауапты қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған […]

