kaznmu
Posts by kaznmu
(RU) Научно-исследовательская работа резидентов
Тәрбиелік жұмыс
Кардиология кафедрасының тәрбиелік жұмысы салауатты өмір салтының, медициналық этиканың және азаматтық жауапкершіліктің құндылықтарына берік, кәсіби және әлеуметтік жауапты дәрігерді қалыптастыруға бағытталған. Тәрбиелік қызмет білім беру, клиникалық және ғылыми үдерістермен интеграцияда жүзеге асырылады. Салауатты өмір салтын тәрбиелеу білім алушыларда денсаулық мәдениетін, жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу қағидаттарын, физикалық және психоэмоционалдық әл-ауқатқа саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Студенттердің кәсіби тәрбиесі клиникалық ойлауды, жауапкершілікті, пациентке бағдарланған тәсілді, дәлелді медицина қағидаттарына және үздіксіз кәсіби дамуға бейілділікті дамытуға бағытталған. Идеялық-саяси тәрбие азаматтық ұстанымды, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік институттарға құрметпен қарауға және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінде дәрігердің рөлін түсінуге ықпал етеді. Адамгершілік-эстетикалық тәрбие гуманизмді, медициналық деонтологияны, кәсіби мінез-құлық мәдениетін дамытуға, пациентке және әріптестерге құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. […]
Халықаралық қатынас
Халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту аясында НАО «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» кардиология кафедрасына визитинг-профессор Марио Марзилли — профессор, жүрек-қантамыр медицинасы бөлімшесінің меңгерушісі, Италияның Пиза университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі кардиология институтының директоры сапармен келді. Визитинг 2024 жылғы 28 ақпаннан 4 наурызға дейін өтті. Сапар барысында профессор М. Марзилли студенттер мен резиденттер […]
(RU) История кафедры
Клиникалық жұмыс
Кафедраның клиникалық базалары: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығы Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасы №4 қалалық клиникалық аурухана №7 қалалық клиникалық аурухана Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы «Cardios» медициналық орталығы «SEMA» «Private Clinic Almaty» «Erensau Hospital» А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы Қарасай көпсалалы орталық аудандық клиникалық ауруханасы №32 қалалық емхана №8 қалалық емхана №1 қалалық емхана №26 қалалық емхана Кафедраның барлық оқытушылары мен клиникалық тәлімгерлері білікті дәрігерлер, интервенциялық кардиологтар, операция жасайтын кардиохирургтар болып табылады және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, клиникалық базаларда белсенді жұмыс атқарады: клиникалық талдауларға, консилиумдарға қатысады, пациенттерді жүргізумен айналысады, консультациялар өткізеді. […]
«Ми қан айналымының жіті бұзылулары бар науқастарды емдеу проблемалары» атты дөңгелек үстел
12.12.2025ж. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында «Алматы облысында ми қан айналымының жіті бұзылулары бар науқастарды емдеу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар инсульт түрлерімен ауыратын науқастарды уақытылы диагностикалау, тасымалдау және тиімді емдеу әдістері мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстелге қатысуға осы санаттағы науқастарға көмек көрсететін медициналық бөлім директорларының орынбасарлары, емхана меңгерушілері және инсульт орталықтары мен […]
Нейрохирургия кафедрасының жетістіктері
С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры М. Е. Шорановтың «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы» медалін нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі Ермек Қавтаевич Дюсембековке тапсыруы. 2025 жыл С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры М. Е. Шорановтың «УНИВЕРСИТЕТ МАҚТАНЫШЫ» медалін нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі Ермек Қавтаевич Дюсембековке тапсыруы. 2025 жыл Алматы қаласы әкімдігінің наградасын, «Алтын ұстаз» III дәрежелі медалін нейрохирургия […]
Оқу-әдістемелік жұмыс
1 Силлабус. Нейрохирургия негіздері. 2 Силлабус. Ми жарақатының нейрохирургиясы. 3 Силлабус. Жұлын нейрохирургиясы. 4 Силлабус. Перифериялық жүйке нейрохирургиясы. 5 Силлабус. Нейроонкология, паразиттік аурулар және мидың ақаулары. 6 Силлабус. Балалар нейрохирургиясы. 7 Силлабус. Нейрофизиология және нейропатоморфология. 8 Силлабус. Тамырлы, интервенциялық Ангиохирургия. 9 Силлабус. Функционалды және стереотактикалық нейрохирургия. 10 Силлабус. Орталық жүйке жүйесінің ісіктерін микрохирургиялық алып тастау. […]
Тәрбиелік жұмыс
Нейрохирургия пәнін оқыту барысында оқу үдерісінде Қазақстан Республикасының директивтік құжаттары зерделенеді: «Қазақстан–2030» стратегиясы, ҚР Конституциясы, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі. Білім беру процесінде профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) мен резиденттер арасында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» құжатының негізгі қағидаларын оқып-үйренуге ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету […]

