Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талдау

2022 жылғы 6 сәуірде онлайн режимде ҚазҰМУ дипломнан кейінгі білім беру факультетінің резиденттері Алмалы ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және “Күміс ғасыр” ҚҚ директоры, “Аманат” партиясының Алматы қалалық филиалының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының VІI шақырылымың депутаты Ә.Ақановамен кездесті. Бұл кездесудің мақсаты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы” атты Жолдауын түсіндіру болды.

Кездесу барысында Әсия Айқанқызы ҚР Президенті Жолдауында елді саяси реформалау бойынша жобаны ұсынғанын, бұл қоғамның талаптары мен сұраныстарына жауап беретінін атап өтті. Жолдаудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, резиденттерді белсенді азаматтық ұстанымға ие болуға және университет пен елдің қоғамдық өміріне белсене қатысуға шақырды.

Білім алушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға қанағаттанарлық жауап берілді.