«Заң және тәртіп» аясында

«Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру және жауапты мінез-құлықты насихаттау мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті білім алушыларымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері Алмалы ауданы прокуратурасының өкілдері, Алматы қаласы Әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «№ 14 Қалалық емхананың» директоры кездесті.

Кездесу барысында Алматыда халықтың, соның ішінде жастар арасында құқықтық сананы, азаматтық жауапкершілікті және заңды құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған кешенді бағдарлама туралы айтылды. Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы 2025-2030 жылдарға арналған «Заң және тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі іс-қимыл жоспары түсіндірілді.

«Заң және тәртіп» идеологиясы – тыйым салу жүйесі емес, қоғамда саналы жауапкершілік пен қоғамдық өмір қағидаларын құрметтеуді қалыптастыру. Заң нормаларын түсіндіріп қана қоймай, құқыққа бағынатын мінез-құлықтың орнықты құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігі де айтылды.

Кездесуге келген заң өкілдері жастарға интернет-алаяқтықтан, есірткі таратудан және әлеуметтік желілерде белсенді таралатын «жеңіл табыс табу» көздерінен сақтануға ерекше назар аударылуы керектігін айтты. Баяндамашылар студенттердің қылмыстық топтар мен алаяқтардың әлеуметтік желілерде нысанасына айналатынын атап өтті.

Кездесуге университет білім алушыларымен қатар эндокринология мамандығының резиденттері де оқытушыларымен бірге қатысты.