🩺 Ашық есік күні — халық денсаулығы жолындағы маңызды қадам

2026 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№4 қалалық клиникалық ауруханасы» КМК-да Ашық есік күні өтті.

Іс-шара аясында Алматы қаласының тұрғындарына білікті медициналық кеңес беріліп, денсаулықты сақтауға бағытталған маңызды ұсыныстар айтылды.

Ашық есік күніне Хирургиялық аурулар №1 кафедрасының меңгерушісі, профессор Баймаханов Абылай Ниятұлы; профессор ассистенті, хирург Жұматаев Дәурен Талғатұлы; кафедра ассистенті, хирург Қазиева Айгерім Махмутқызы қатысып, тұрғындарға медициналық кеңес берді, пациенттердің шағымдары мен денсаулық жағдайын бағалап, қажетті емдік-диагностикалық ұсынымдар мен тағайындаулар берді. Операциялық емді қажет ететін пациенттерге хирургиялық араласу бойынша көрсеткіштерді түсіндіріп, әрі қарай хирургиялық ем алуға ұсыныстар берді.

Кафедра қызметкерлері әрі дәрігерлер тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстанудың, аурулардың алдын алудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Осындай іс-шаралар халықтың медициналық сауаттылығын арттырып, аурулардың алдын алуға және денсаулықты нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.

💙 Денсаулық — ең үлкен байлық. Оны сақтау — әр адамның өз қолында!