С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық қызметін дамытудың қазіргі заманғы жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының 130 жылдығына және профессор Г.И. Зальцман атындағы психиатрия және наркология кафедрасының 90 жылдығына арналды.
Конференция Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдарын, клиницистерін және мамандарын біріктірді.
Психикалық денсаулық қызметін жаңғырту, пациентке бағытталған көмек моделін енгізу, психоәлеуметтік оңалтуды дамыту және тәуелділіктің алдын алу мәселелері талқыланды.











