Кафедра тарихы

2021-2022 оқу жылына арналған білім беру процесін қамтамасыз ету және іске
асыру үшін құрылымдарды өзектендіру мақсатында, сондай-ақ ҚазҰМУ Сенатының
шешімі негізінде 2021 жылғы 3 қыркүйектен бастап "С. Д. Асфендияров атындағы ҰМУ"
АҚ Ректоры профессор Т. С. Нұрғожиннің өкімімен "Хирургиялық аурулар" кафедрасы 2
кафедраға бөлінді – "№1 Хирургиялық аурулар " кафедрасына және " №2 Хирургиялық
аурулар" кафедрасы. №2 Хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі болып
профессор, м. ғ. д., ҰҒА академигі – Баймаханов Болатбек Бимендиевич тағайындалды.
Кафедрада 7 курс студенттері, хирургиялық аурулар циклі бойынша 1,2,3 курс
резиденттері оқиды.