ҚазҰМУ-да жаңадан қабылданған резиденттермен кездесу өтті

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне 2026–2027 оқу жылына 1000-нан астам резидент қабылданды. Резиденттерді даярлау 58 клиникалық мамандық бойынша жүргізіледі. Оның ішінде 14 білім беру бағдарламасы балалар денсаулығын сақтау саласына бағытталған.
Резиденттер 186 клиникалық базада білім алады. Мұнда теориялық дайындық пен клиникалық тәжірибе өзара ұштастырылады. Жас мамандарға 1500-ден астам оқытушы, профессор және практик дәрігер жетекшілік етіп, кәсіби тәжірибесімен бөліседі.
– Бүгін сіздер кәсіби және ғылыми дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отырсыздар. Резидентура – дербес дәрігер болып қалыптасудағы маңызды кезең. Осы уақытта клиникалық білімдеріңіз бен практикалық дағдыларыңызды жетілдіріп, клиникалық ойлау қабілеттеріңізді дамытасыздар және пациент мүддесіне сай жауапты шешім қабылдауды үйренесіздер, – деді кездесуге қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген ҚазҰМУ-дың бірінші проректоры Диляра Кайдарова.
Бірінші проректор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Нағыз отаншылдық дегеніміз, бұл – жемісті, табанды еңбек. Әр саладағы еңбек – маңызды, оның жаманы немесе ұлтқа зиян әкелетіні болмайды» деген сөзін келтірді. Ол бұл ойдың медицина мен ғылымды таңдаған жандар үшін мәні айрықша екенін атап өтті. Дәрігер мен ғалымның кәсіби шеберлігі күнделікті еңбекпен, үздіксіз білім алумен және ғылыми ізденіспен шыңдалады. Бұл мамандықтар жоғары жауапкершілікті, тәртіпті және өз ісіне адалдықты талап етеді.
Кездесудің негізгі бөлімінде Қазақ тағамтану академиясының президенті, Америкалық қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, профессор Алмаз Шарман дәріс оқыды. Дәрісте денсаулық сақтау саласындағы жаһандық өзгерістер, ауру салдарын дәстүрлі жолмен емдеуден «конструктивті денсаулық» тұжырымдамасына көшу және агентті жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері қарастырылды.
Алмаз Шарман резиденттерге емдік және профилактикалық тамақтануды автоматтандыруға арналған отандық NutriSteppe-AI (Tagam AI) платформасын таныстырды.
– Медицинаға деген көзқарас өзгеріп келеді: ауруды анықтап, оның салдарын жоюға бағытталған тәсілден ағзаның ішкі мүмкіндіктерін іске қосуға көшіп жатырмыз. Жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісік жағдайларының шамамен 80 пайызының алдын өмір салты мен тамақтану тәртібін жүйелі өзгерту арқылы алуға болады. Алайда цифрлық қолдау болмаған жағдайда пациенттердің диеталық ұсынымдарды сақтау көрсеткіші 30 пайызға жетпейді. Агентті жасанды интеллект бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді, – деді Алмаз Шарман.
NutriSteppe-AI гибридті жүйе бойынша жұмыс істейді: тілдік модель пайдаланушымен байланыс орнатады, ал 27 мың өнім мен өңірлік асхананың 7 мың тағамы енгізілген алгоритм клиникалық есептеулер жүргізеді. Пайдаланушы тағамды суретке түсірсе, бірнеше секунд ішінде оның калориясы, ақуыз, май және көмірсу мөлшері, сондай-ақ микроэлементтер құрамы туралы толық мәлімет алады. Платформа калорияны есептеумен шектелмейді: ол фармакотерапияны толықтырып, емдеу тиімділігін 25–35 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
Таныстырылым барысында жасанды интеллект арқылы тамақтану рационын 2-типті қант диабеті, артериялық гипертензия және метаболизмдік синдром секілді нақты диагноздарға бейімдеу тетіктері көрсетілді. Алгоритм Дұрыс тамақтану индексі (HFI) мен «бағдаршам» жүйесін қолданады. Бұл құрамында тұз, қант және қаныққан май мөлшері жоғары ультраөңделген өнімдерді тұтынуды шектеуге көмектеседі.
Кездесу соңында профессор 2026 жылғы White Paper құжатында ұсынылған «Тірі интеллект» тұжырымдамасына тоқталды. Ол үздіксіз бақылауға арналған биосенсорлар, жасанды интеллект пен биотехнология мүмкіндіктерін біріктіреді. Бұл тәсіл денсаулық көрсеткіштерін тәулік бойы бақылауға және созылмалы жұқпалы емес аурулардың дамуының алдын алуға бағытталған.
В КазНМУ состоялась встреча с резидентами первого года обучения
Казахский национальный медицинский университет имени Санжара Асфендиярова принял на обучение более 1000 резидентов на 2026-2027 учебный год. Подготовка молодых специалистов охватывает 58 клинических специальностей, при этом 14 образовательных программ ориентированы исключительно на детское здравоохранение.
Обучение резидентов организовано на 186 клинических базах, где образовательный процесс построен на совмещении академической подготовки и клинической практики. Курировать работу молодых специалистов и делиться практическим опытом будут более 1500 преподавателей, профессоров и практикующих врачей университета.
— Сегодня для вас начинается новый этап профессионального и научного развития, — с приветственным словом к участникам встречи обратилась Первый проректор КазНМУ Диляра Кайдарова. — Для резидентов этот период важный этап становления самостоятельного врача. Именно сейчас вы совершенствуете клинические знания и практические навыки, развиваете клиническое мышление и учитесь принимать ответственные решения в интересах пациента. Как отметил Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев, «истинный патриотизм заключается в плодотворном и упорном труде. Каждая профессия важна, никакой труд не бывает плохим, любой труд приносит пользу нации». Эти слова особенно актуальны для тех, кто посвятил себя медицине и науке. Работа врача и ученого требует постоянного развития, высокой ответственности, дисциплины и преданности своему делу. Профессионализм формируется через ежедневный труд, самостоятельный поиск знаний, научные исследования и готовность учиться на протяжении всей жизни.
Центральной частью встречи стала лекция президента Казахской академии питания, члена Американской ассоциации здравоохранения, профессора Алмаза Шармана. Выступление было посвящено глобальной трансформации здравоохранения, переходу от традиционного лечения последствий заболеваний к концепции «конструктивного здоровья» и внедрению технологий агентного искусственного интеллекта.
Алмаз Шарман представил резидентам отечественную разработку — платформу NutriSteppe-AI (Tagam AI), предназначенную для автоматизации лечебного и профилактического питания.
— Медицина проходит этап переосмысления: от тактики выявления и уничтожения мишени мы переходим к мобилизации внутренних ресурсов организма, — подчеркнул Алмаз Шарман. — Около 80% случаев сердечно-сосудистых заболеваний и онкопатологий можно предотвратить за счет системной коррекции образа жизни и питания. Однако без цифровой поддержки приверженность пациентов к диетическим рекомендациям составляет менее 30%. Внедрение агентного ИИ позволяет решить эту проблему. Платформа NutriSteppe-AI работает по гибридному принципу: языковая модель взаимодействует с человеком, а точный детерминированный алгоритм на базе 27000 продуктов и 7000 блюд региональной кухни проводит клинические расчеты. Пользователю достаточно сфотографировать блюдо, чтобы за пару секунд получить детальный разбор калорийности, БЖУ и микроэлементов. Это не просто подсчет калорий, а инструмент синергии с фармакотерапией, повышающий эффективность лечения на 25-35%.
В презентации также были продемонстрированы механизмы работы искусственного интеллекта при персонализации рационов под конкретные диагнозы будто диабет 2 типа, артериальная гипертензия или метаболический синдром. Алгоритм использует Индекс здорового питания (HFI) и систему «светофорного контроля», снижая приоритет ультраобработанных продуктов с высоким содержанием соли, сахара и насыщенных жиров.
В завершение встречи лектор акцентировал внимание на концепции «Живого интеллекта» (White Paper 2026), объединяющей возможности носимых биосенсоров непрерывного мониторинга, искусственного интеллекта и биотехнологий для круглосуточного контроля показателей здоровья и предупреждения развития хронических неинфекционных заболеваний.