19.12.2013ж., асс.Курмангалиева Г.А. стоматология факультетінің 604 кураторлық тобының дәрігер-интерндерімен тәрбие жұмысы бойынша «Саламатты Қазақстан» тақырыбында конференция өткізді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының мақсаты мен негізгі міндеттерін, іске асыру мерзімі туралы толық ақпарат беріп, салауатты өмір салтын ұстанып, саламатты Қазақстанға қадам басу керек екендігін 604 топтың топбасшылары Курахимова Ж.М. мен Абдуллаева А.Р. атап өтті. Конференцияға стоматология бойынша интернатура кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі м.ғ.к. доц., Искакова М.К., асс.Курмангалиева Г.А., доц., Кульманбетов Р.И. және стоматология факультетінің дәрігер-интерндері белсенді қатысып өздерінің ой пікірлерімен бөлісті.