2025 жылдың 28 ақпанынан 1 наурызына дейін Алматыда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 95 жылдығына арналған «Клиникалық неврология мен нейрореабилитологияның өзекті мәселелері» атты III Орталық Азия неврологиялық форумы өтті.
Форум жетекші неврология, нейропсихиатрия және нейрохирургия мамандарын біріктіріп, білім мен озық тәжірибе алмасу платформасына айналды. Ұйымдастырушылар: ҚазҰМУ-дің жүйке аурулары кафедрасы, Қазақстан Республикасы неврологтар қауымдастығы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Астана медицина университеті, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан медициналық жоғары оқу орындары және Еуразиялық неврологтар қауымдастығы.
Форумның ашылуы: Заманауи медицинадағы неврологияның рөлі туралы
Форумды салтанатты түрде ҚазҰМУ бірінші проректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Диляра Радиковна Кайдарова ашып, Қазақстан халықаралық медициналық ынтымақтастықтың негізгі алаңы болып табылатынын атап өтті. “Бүгінде әлемдік қоғамдастықтың алдында ауқымды міндет тұр – сапалы және қауіпсіз медицинаны қамтамасыз ету. Неврологиялық бұзылулар – мүгедектіктің басты себептерінің бірі және әлемдегі өлім-жітімнің маңыздылығы бойынша екінші себебі болып отыр. Барлық жүктеменің 70% -ы табыс деңгейі төмен және орташа елдерге тиесілі. Біздің форум – мамандардың кездесуі ғана емес, ми денсаулығын сақтау жөніндегі жаһандық бастамаға қосқан үлесі”, – деп атап өтті Қайдарова.
Абу Али Ибн Сино атындағы Бұхар медицина институтының ректоры Ш.Ж. Тешаев өз сөзінде бірлескен ғылыми зерттеулердің маңыздылығына назар аударып, күш-жігерді біріктіру ғана неврологиялық ауруларды емдеуде серпінді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қатысушыларды ҚР Неврологтар қауымдастығының президенті профессор Е.С.Нұрғожаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неврологы С.Т.Туруспекова, Өзбекстанның штаттан тыс бас неврологы профессор Е.Н.Маджидова, сондай-ақ Орталық Азияның жетекші медицина мектептерінің өкілдері құттықтады.
Негізгі тақырыптар және жетекші неврологтардың қатысуы
Форум неврологиялық ауруларды диагностикалау, патогенез және терапияның жаңа тәсілдері талқыланған пікірталас алаңына айналды. Гибридтік форматта 5000-нан астам онлайн тыңдаушы және Алматыда 200-ге жуық маман қатысты.
Пленарлық отырыстарда Қазақстанның жетекші неврологтары сөз сөйледі:
- профессор Е.С. Нургужаев (Алматы)
- профессор С.Т. Туруспекова (Алматы)
- профессор Т.Н. Хайбуллин (Семей)
- профессор Л.Е. Есжанова (Астана)
- профессор Н.А. Жаркинбекова (Шымкент)
- профессор Р.Б. Нуржанова (Алматы)
- профессор Г.А. Мухамбетова (Алматы)
- профессор Л.Б. Куанова (Астана)
- профессор К.С. Жанжигитов (Астана)
Өзбекстаннан келген спикерлер:
- профессор Ё.Н. Маджидова (Ташкент)
- профессор З.Ф. Мавланова (Самаркан)
- профессор Э.М. Мирджураев (Ташкент)
- профессор М.А. Артыкова (Бұқара)
- профессор М.Н. Бадритдинова (Бұқара)
Тәжікстаннан келген спикерлер:
- профессор М.Т. Ганиева (Душанбе)
Қырғызстан:
- профессор Ф.А. Юсупов
- профессор М.Ш. Абдыкадыров (Ош)
Ресей Федерациясы:
- профессор Д.С. Касаткин (Ярославль)
- профессор С.М. Карпов (Ставрополь)
- профессор Т.А. Гаврилова (Самара)
- профессор Ю.В. Каракулова (Пермь)
- профессор Е.Р. Баранцевич (Санкт-Петербург)
- профессор А.Е. Барулин (Волгоград)
- профессор О.В. Курушина (Волгоград)
- профессор А.Г. Шакаров (Нижний Новгород)
- профессор М.В. Жабурина (Иваново)
Беларусь:
- профессор Е.В. Тарасевич (Минск)
Өңірлік сессия және даму перспективалары
Форум аясында Бұхар медицина институтының конференц-залында профессор Д.Т.Ходжиеваның басшылығымен «Практикалық дәрігер мектебі: диагностика, патогенез және кейбір неврологиялық бұзылуларды емдеу» атты аймақтық сессия өтті. Сессия 50-ден астам тыңдаушыны жинап, практикалық дәрігерлердің жоғары деңгейде тартылғанын көрсетті.
ДДҰ XXI ғасырдағы медицинаны дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретінде ми денсаулығын қорғауды айқындайды. «Бір ми, бір өмір, бір тәсіл» стратегиясы неврологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің кешенді жүйесін құруға бағытталған.
III Орта Азия неврологиялық форумы халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растап, жаңа ғылыми және клиникалық әзірлемелердің негізін қалады. Білім алмасу үшін бірыңғай ашық платформа құру неврологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық әріптестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.










