Кафедра тарихы
Оториноларингология кафедрасы 1936 жылы ғалым, Ленинград оториноларингологтар мектебінің өкілі, профессор Ермолаев В. Г. басшылығымен құрылған. Қазақстанда жұмыс істеген жылдары ЛОР-аурулар кафедрасын меңгерумен қатар, бірнеше лауазымдарды қатар атқарды: Совнарком ауруханасының бас дәрігері, №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері, ҚазМИ директорының орынбасары және ҚазССР денсаулық сақтау халық комиссарының орынбасары. Ол “Қазақстан Денсаулық сақтау” журналында редактор болып жұмыс істеді. […]

