Оқу-әдістемелік жұмыс

Білім беру қызметі

Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасындағы оқу процесі

2025-2026 оқу жылында оқу бағдарламасына (ОБК) сәйкес кафедрада келесі білім алушылар оқиды:

  • 5 және 6 курс бакалаврлары
  • “Ішкі аурулар” бағыты бойынша 7 курс интерндері
  • “Аллергология және иммунология, сонымен қатар балалар” мамандығы бойынша резиденттер

Практикалық дағдылар бойынша білім беру құзыреттілігін игеру науқастың төсегінде клиникалық талдау жасау және әртүрлі аллергологиялық патологиясы бар пациенттерді дербес курациялау түрінде жүргізіледі.

Оқыту әдістері

Интерактивті әдістер:

Топтық пікірталастар, клиникалық жағдайды талқылау, “миға шабуыл”, іскерлік ойын және кейс-стади қолданылады. СҒЗЖ жобалау нысанында өткізіледі.

Контексттік оқыту:

Еңбек қызметін имитациялау арқылы практикалық дағдыларды игеру және тақырыптық талдаулар жасау.

Бағдарламаланған оқыту:

“Дәрілік жоғары сезімталдық”, “Тағамдық аллергия”, “Бронх демікпесі” және “Стивенс-Джонсон синдромы” бойынша арнайы оқу дискілері қолданылады.

Резиденттердің ғылыми белсенділігі

Көрмеге қатысу
Ғылыми конференция
Талқылау сәті

Резиденттердің ғылыми конференциялар мен көрмелерге белсенді қатысуы.

Постерлік баяндамалар

Дүниежүзілік аллергологтар күні

17 қазан 2025 жылы Дүниежүзілік аллергологтар күніне орай өткен конгрессте резиденттер постерлік баяндамаларын ұсынды.

Ақсай аллергобөлімшесі

1-курс резиденттері «Ақсай» балалар ауруханасының аллергобөлімшесінде.