Ұлттық спорт күні

Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің «Физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина» кафедрасында биылғы Наурыз мерекесі арналған Наурызнама онкүндігінің форматында резиденттердің қатысуымен «Ұлттық спорт күніне» арналған іс-шара өткізілді. «Ұлттық спорт күнін» мерекелеу – ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге, қазақ халқының мәдени дәстүрлерін сақтауға, сондай-ақ резиденттердің салауатты өмір салты мен физикалық белсенділікке деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған мәдени-спорттық іс-шара болып табылады.

Физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. А.Ш.Избасарова іс-шараны ашып, физикалық белсенділік пен ұлттық спорттық ойындардың денсаулықты нығайтуға және аурулардың алдын алуға әсері туралы ақпарат берді.

Іс-шараны Қазақстанның ұлттық спорт түрлерінің маңызы мен тарихы, олардың дене шынықтыруды дамытудағы, денсаулықты нығайтудағы және жастар арасында командалық рухты тәрбиелеудегі рөлі туралы м.ғ.д., профессор А.А.Турекулова баяндады. Ол «Асық ату» және «Арқан тарту» сияқты ұлттық ойындардың тарихы мен ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың ептілікті, күшті және командалық рухты дамытудағы пайдасына да тоқталды.

Қауымдастырылған профессор м.ғ.к.,Г.А.Нұрлыбаева резиденттер арасында ұлттық дәстүрлерді дәріптеудің маңыздылығын атап өтіп, ұлттық спорт түрлеріне арналған іс-шараларды жиі өткізуді ұсынды.

Ассистент Н.Б.Нұрғалиева ұлттық спорт түрлерінің мәдени мұраны сақтаудағы маңызы және олардың жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы баяндама жасады.

Іс-шараға кафедрада білім алушы резидент-дәрігерлер белсенді түрде қатысып, әр түрлі спорт ойындарында күш сынасып, флешмоб қойылымын түсірді.