2019 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ КМК “№9 қалалық емхана” 35 жылдығына арналған “міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жағдайында Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің өзекті мәселелері” атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе және нефрология кафедрасының қызметкерлері белсенді қатысты.
№2 ЖТД кафедрасының меңгерушісі Карибаева Д. О. артериялық гиперетензия диагностикасының жаңа тәсілдерін және ауруларды басқару бағдарламасында пациенттің өзін-өзі басқару мүмкіндігін түсіндірді. П Профессор С. С. Сарсенбаеваның антибиотикорезистенттілік және оның тәжірибелік медицина үшін клиникалық маңызы мәселелері бойынша баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды.
Профессор Чингаева Г. Н. жалпы практика дәрігерінің тәжірибесінде зәр шығару жүйесінің инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша мәліметтерді ұсынды.
Доцент Ш. Х. Рамазанова педиатрдың тәжірибесінде жиі кездесетін балалардың тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеу және диагностикалаудың заманауи тәсілдері туралы айтып берді.
Баяндамалар аудиторияда қызу қызығушылық тудырды.