Халықаралық ынтымақтастық

Ғылыми-зерттеу жұмысы

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасы

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасы Еуропалық Аллергология және клиникалық иммунология академиясымен (ЕААСІ) тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, Вена медициналық университетімен ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

1998 жылдан бастап жыл сайын «Астма және аллергия» халықаралық ұлттық конгресі өткізіледі, оған ЕААСІ президенттері, әлемдік деңгейдегі сарапшылар мен шетелдік жетекші мамандар қатысады.

Тарихи сәт: 2013 жылы «Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар ассоциациясы» РҚ тұңғыш рет ЕААСІ құрамына еніп, оның тең құқылы мүшесі болды.

Осыған орай, 2014 жылы Қазақстанның аллергологтары мен клиникалық иммунологтарының бірінші съезі өтті. Оған проф. Николаос Попандополуос (Манчестер), проф. В. Пикль және проф. Рудольф Валента (Вена) қатысты.

Бірінші съезд

Профессорлар Рудольф Валента, Винфрид Пикл, В. Гариб және Николаос Папандопулоус.

Халықаралық мамандар

Antti Lauerma (Финляндия), Испаева Ж.Б. (Қазақстан), Hannes Stokinger (Австрия).

ЕААСІ көрмесі

Халықаралық жетістіктер

Тұңғыш рет ассоциация ЕААСІ көрмесіне қатысып, Қазақстанның жетістіктерін паш етті. Жас ғалымдар EFIS Travel Awards гранттарын иеленіп, Грузиядағы халықаралық мектепте жүлделі орындарға ие болды.


Ғылыми зерттеулер және гранттар

Ұлттық бағдарлама (2021-2023)

Қазақстан Республикасында дербестендірілген және алдын алу медицинасын енгізу.
Тақырыбы: «Қазақ популяциясындағы бронх демікпесі» — Жетекшісі: проф. Испаева Ж. Б.

2021–2023 жж. Нәтижелері:

  • 4 ғылыми жарияланым (отандық және шетелдік)
  • 1 авторлық куәлік, 1 патент алынды
  • Әзірлемелер білім беру практикасына енгізілді
2021–2022 жж. Биобаза:

Атопиялық дерматитпен ауыратын науқастардың биологиялық үлгілерінің ғылыми базасы құрылды.

Roxall Group халықаралық клиникалық зерттеулері

2023–2025 жж. Шөп тозаңына аллергиясы бар емделушілерде II–III фазалық зерттеулер жүргізілуде.

2025–2027 жж. Жоспарланған зерттеулер:

  • SC-3F2A: Қайың тозаңына қарсы тері астындағы иммунотерапия.
  • SC-3Q2A: Сублингвальды иммунотерапия (қайың тозаңы).

Team-Based Learning (TBL)

5-курс студенттеріне «Бронх демікпесі» тақырыбы бойынша командалық оқыту енгізілді.

Симуляциялық оқыту

«Анафилактикалық шок» — төтенше жағдайлар кезіндегі көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Халықаралық тану: GA²LEN аккредитациясы

2025 жылғы 17 қазанда кафедра әлемдік сарапшы проф. Майя Готуаның қатысуымен халықаралық аудиттен сәтті өтіп, GA²LEN жаһандық желісіне енді:

ACARE Certificate
ADCARE Certificate
UCARE Certificate
UCARE (Есекжем)
ADCARE (Ат. дерматит)
ACARE (Ангиоісік)

Бұл жетістік ҚазҰМУ-дың клиникалық және ғылыми қызметінің әлемдік стандарттарға толық сәйкестігін растайды. GA²LEN желісіне кіру халықаралық зерттеулерге қатысуға және инновацияларды енгізуге кең жол ашады.

Дайындық тобы: Проф. Испаева Ж. Б., Бекмағамбетова Р. Б., Сейітбатталова А. Е., Сәрсенбаева А. Ж. Резиденттер: Ашурбекова К., Жұмаш М., Турғанбаев А.

© 2026 С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ | Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасы