Халықаралық қатынас

Халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту аясында НАО «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» кардиология кафедрасына визитинг-профессор Марио Марзилли — профессор, жүрек-қантамыр медицинасы бөлімшесінің меңгерушісі, Италияның Пиза университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі кардиология институтының директоры сапармен келді.

Визитинг 2024 жылғы 28 ақпаннан 4 наурызға дейін өтті. Сапар барысында профессор М. Марзилли студенттер мен резиденттер үшін дәрістер оқып, бірқатар семинарлар өткізді, сондай-ақ «Ишемиялық жүрек ауруы бар пациенттерді диагностикалау және жүргізу» тақырыбында оқыту бағдарламасын жүзеге асырды. Аталған бағдарламаға 50-ден астам кардиология резиденттері, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Визитинг қорытындысы бойынша С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың кардиология кафедрасы, клиникалық база — «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ және Пиза университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі кардиология институты арасында бірлескен білім беру және клиникалық бастамаларды дамытуға, рейтингілік халықаралық журналдарда бірлескен ғылыми жұмыстарды даярлау және жариялауға, сондай-ақ ортақ ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастықтың негізгі басым бағыттары ретінде төмендегілер айқындалды

  • кардиология;
  • жүрек-қантамыр хирургиясы және интервенциялық кардиология.