Кафедраның клиникалық базалары:
- Алматы қ. №7 қалалық клиникалық ауруханасы;
- Алматы қ. №4 қалалық клиникалық ауруханасы;
- Алматы қ. Қалалық жедел жәрдем ауруханасы;
- Алматы қ. №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы;
- Алматы қ. Орталық қалалық клиникалық ауруханасы.
Кафедраның барлық оқытушылары — жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, операция жасайтын нейрохирург-дәрігерлер. Олар клиникалық базаларда белсенді жұмыс атқарады: клиникалық талдаулар мен консилиумдарға қатысады, науқастарды жүргізумен айналысады, консультациялар өткізеді, сондай-ақ шұғыл және жоспарлы көшпелі операциялар орындайды.

