2025 жылда 6–7 қазан күндері Әбу Әли ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында «Қазіргі заманғы неврологияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған беделді ғылыми жиынға Ресей Федерациясы, Қазақстан және Тәжікстан елдерінен жетекші ғалымдар, тәжірибелі дәрігерлер мен жас мамандар қатысты. Конференция жұмысына Қазақстан атынан С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің физикалық медицина және оңалту кафедрасы белсенді түрде қатысты. ҚазҰМУ-дың физикалық медицина және оңалту кафедрасының меңгерушісі, ассистент-профессор Избасарова Ақмарал Шаймерденовна халықаралық неврология конференциясында баяндама жасады.
Конференцияның ашылу салтанатында институт ректоры, профессор Шухрат Тешаев бұл іс-шараның әлемнің жетекші медициналық жоғары оқу орындары мен клиникаларында еңбек ететін мамандар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ неврология саласындағы өзекті мәселелерге заманауи шешімдер табу үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол жас мамандардың нейроғылым саласындағы инновациялық ғылыми әзірлемелерге қызығушылығын арттыруға үміт білдірді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Өзбекстан Республикасында жыл сайын шамамен 4,6 мың науқас инсультке шалдығады, ал 13 мыңнан астам адам жүйке жүйесі ауруларынан зардап шегеді. Бұдан бөлек, 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар неврологиялық және оңалту көмегіне мұқтаж.
Осыған байланысты, 2018 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының емес, Өзбекстан Республикасы Президентінің «Неврологиялық көмекті жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес елде неврологиялық көмекті дамыту және жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Ташкент қаласында неврология және инсульт бағытындағы Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік медициналық орталық құру жоспарланып отыр. Бұл орталықта неврологиялық аурулардың қауіп факторлары скринингтік зерттеулер арқылы ерте кезеңде анықталатын болады. Сонымен қатар, орталық базасында халықаралық мамандардың қатысуымен оқыту семинарлары, вебинарлар және телемостар ұйымдастырылады.

