ҚазҰМУ кардиология кафедрасы 2019 ж. 1 қыркүйекте ұйымдастырылды. ҚазҰМУ кардиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор, жоғары санаттағы кардиолог дәрігер, денсаулық сақтаудың жоғары санатты ұйымдастырушысы Беркінбаев Сәлім Фахатұлы болып табылады. ҚазҰМУ кардиология кафедрасының кадрлар құрамы: кафедра профессоры, м.ғ.д., ассоциацияланған профессор, жоғары санаттағы кардиолог дәрігерДжунусбекова Гульнара Алдешовна; кафедра профессоры, м.ғ.д., жоғары санаттағы кардиолог дәрігер ТундыбаеваМейрамгульКапсиметовна; кафедра доценті, м.ғ.к., жоғары санаттағы кардиолог дәрігерАбеноваАлияТураровна; кафедра доценті, завуч, м.ғ.к., жоғары санаттағы кардиолог дәрігер ОралбековаЖанараМейрамовна; кафедра ассистенті, екінші санаттағы кардиолог дәрігерЛеонович Татьяна Николаевна; кафедра ассистенті, екінші санаттағы кардиолог дәрігер МамедгулиеваЖаннатТокталиевна; кафедра ассистенті, екінші санаттағы кардиолог дәрігер КабдулкаеваАлияИрановна, кафедра ассистенті, екінші санаттағы кардиолог дәрігер УтебалиеваДарияДжамбуловна. ҚазҰМУ кардиология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық, клиникалық және ғылыми әлеуетімен ерекшелінеді. Кафедра құрамындағы 9 қызметкердің – 55%-ында ғылыми дәреже (3 медицина ғылымдарының докторы және 2 медицина ғылымдарының кандидаты), 100%-ында біліктілік санаты бар. Кардиология кафедрасының клиникалық базасы Алматы қ. және ҚР жетекші медициналық ұйымдары: Қалалық кардиологиялық орталық (бас дәрігер, м.ғ.к. Кодасбаев А.Т.) және №7 қалалық клиникалық аурухана (бас дәрігер, м.ғ.д., профессор Рамазанов М.Е.).Клиникалық базалар ең үздік құрал-жабдықтармен жарақталған және Алматы қ. тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған кардиологиялық (ҚКО) және көп бейінді (№7 ҚКА) стационарлық және амбулаторлық медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Кафедраның профессорлары мен доценттері клиникалық базаларға консультативтік көмек көрсетеді, кафедра ассистенттері науқастарды емдепқарап, кезекшілікті жүргізеді. ҚазҰМУ кардиология кафедрасының негізгі бағыты ауру ағымының ерекшеліктерін зерттеу, заманауи ірі мегаполистің тұрғындарында (Алматы қ. салыстырғанда) ерте және кейінгі кезеңдерде миокардтың жіті инфаргінің
пайда болу және даму механизмдеріндегі түрлі факторларға қатысу болып табылады. Кафедрада 5 докторантты дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Интерндер мен резиденттер үшін ғылыми үйірме ұйымдастырылды. Кафедра қызметкерлері 2019 жылы МСАК дәрігерлерін халыққа темекі шегуден бас тартуда медициналық көмек көрсетуге оқыту және оқытуәдістемелік материалдарды әзірлейтін «Никотинге тәуелді пациенттерді емдеудегі дәрігерлердің сауаттылығын арттыру» ғылыми-білім беру грантын алды. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы (ПОҚ) оқу үрдісіне және практикалық денсаулық сақтауға жүрек-тамыр ауруларының заманауи менеджментін белсенді түрде енгізіп жатыр.2019 жылы артериялық гипертония, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, диабет алдын диагностикалау мен емдеудің ұлттық хаттамалары әзірленді: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда 12 импакт-фактормен 1 мақала, басылымдарда алты мақаласы жарияланды. Кафедра қызметкерлері Қазақстан кардиологтары қауымдастығының, артериялық және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандар қоғамының, Қазақстан терапевтерінің қауымдастығының мүшелері және басшылары, Еуропалық кардиологтар қауымдастығының мүшелері, Еуропалық гипертония қоғамының, Еуропалық профилактикалық кардиология қоғамының мүшелері болып табылады. Кардиология кафедрасының ПОҚ бейінді қауымдастықтармен бірлесіп: халықаралық қатысумен Қазақстан кардиологтарының XI Конгресін, «Кардиоваскулярлық профилактика 2019: клиникалық оқиғадан ұсынымдарға» ұранымен, халықаралық қатысумен антиагреганттық және антитромботикалық терапия бойынша I республикалық ғылыми-практикалық конференцияны, «Әйел жүрегінің құпиясы» ғылыми-практикалық конференциясын, «Липидті азайтатын терапияның тривиал емес тәсілдері» ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.