Кафедра тарихы

2021-2022 оқу жылына арналған білім беру процесін қамтамасыз ету және іске асыру үшін құрылымдарды өзектендіру мақсатында, сондай-ақ ҚазҰМУ Сенатының шешімі негізінде 2021 жылғы 3 қыркүйектен бастап “С. Д. Асфендияров атындағы ҰМУ” АҚ Ректоры профессор Т. С. Нұрғожиннің өкімімен “Хирургиялық аурулар” кафедрасы 2 кафедраға бөлінді – “№1 Хирургиялық аурулар ” кафедрасына және ” №2 Хирургиялық аурулар” кафедрасы. №2 Хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі болып профессор, м. ғ. д., ҰҒА академигі – Баймаханов Болатбек Бимендиевич тағайындалды. Кафедрада 7 курс студенттері, хирургиялық аурулар циклі бойынша 1,2,3 курс резиденттері оқиды.