- Эндоскопия курсы бар гастроэнтерология және гепатология кафедрасы 2012 жылы ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының гастроэнтерология және гепатология бөлімі базасында құрылды.
- 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Ректордың бұйрығына сәйкес гастроэнтерология кафедрасы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КеАҚ-тың интернатура және резидентура факультетінің құрамына енгізілді.
- Кафедра меңгерушісі — Нерсесов Александр Витальевич.
Interna Clinic клиникасы 2022 жылғы қараша айында ашылып, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гастроэнтерология кафедрасының клиникалық базасы болып табылады. Клиникада университеттің әртүрлі оқу кафедраларының қызметкерлері, атап айтқанда визуалды диагностика, инфекциялық және тропикалық аурулар, кардиология және басқа да кафедралардың оқытушылары қабылдау жүргізеді.
- Клиника екі негізгі бөлімшеден тұрады: амбулаториялық бөлім және стационар. Стационар базасында гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық, ревматологиялық, кардиологиялық, терапиялық және неврологиялық бейіндегі пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Күндізгі стационарда ревматологиялық және ішектің қабыну аурулары бар пациенттерге көмек көрсетіліп, гендік-инженерлік биологиялық препараттармен терапия жүргізіледі.
- Клиника эксперттік класстағы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген: эндоскопиялық стойка, ультрадыбыстық зерттеу аппаратурасы, бауырдың жанама эластометриясын жүргізуге арналған FIBROSCAN аппараты, ЭКГ, артериялық қысым мен ЭКГ-ны тәуліктік мониторингілеу құрылғылары. Келесі бірегей диагностикалық зерттеулер жүргізіледі: буындардың УДЗ, ішектің УДЗ, бауырдың жанама эластометриясы, капсулалық эндоскопия, бауыр биопсиясы. Емдік процедуралар: өңештің варикозды кеңейген веналарын эндоскопиялық байлау, шырышасты қабаттағы түзілістерді резекциялау, диссекция, аргон-плазмалық коагуляция, эндоскопиялық гемостаз.
- Клиника базасында оқыту іс-шаралары тұрақты түрде өткізіледі: дәрістер, семинарлар, дәрігерлерге арналған біліктілікті арттыру курстары, шетелдік әріптестердің қатысуымен мастер-класстар, дөңгелек үстелдер.

