Рентгенология және радиология кафедрасы алғаш рет 1953 жылы ұйымдастырылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі және оның ұйымдастырушысы м.ғ.д., профессор, академик Балмуханов С.Б. болды. 1961 жылдан 1985 жылға дейін сәулелі диагностика және сәулелі терапия кафедрасын профессор Серғазин А.Г. басқарды. 1986-1988 жылдар аралығында онкология кафедрасы рентгенология және радиология кафедрасымен профессор Х.А. Абисатовтың жетекшілігімен бірікті. 1989 жылдан 2000 жылға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ж.Н.Әбдрахманов басқарды. 2001 жылдан бастап біріккен онкология, маммология, сәулелі диагностика және сәулелі терапия кафедрасын м.ғ.д., профессор Арзыкулов Ж.А. басқарды. 2007 жылы «Визуалды диагностика» дербес кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Хамзин А.Х. тағайындалды. 2013 жылдан бастап оқу үрдісін, ғылым және клиниканы біріктіру мақсатында кафедраның меңгерушісі болып Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сәулелі диагностика бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Жолдыбай Ж.Ж. тағайындалды. Кафедра тарихы білімі мен еңбегін сіңдіріп, кафедраның қалыптасуы мен жұмыс істеуіне үлкен үлес қосқан профессорлық-оқытушылық құраммен құрылған. Кафедрада көптеген жылдар бойы белсенді оқытушылар, жоғары білікті мамандар жұмыс істеді: ассистент Ешев З.Е., м.ғ.к. Абишев Х.А., м.ғ.к. Усеров К.С., м.ғ.к. Бренер Д.М., м.ғ.д. Рахимжанова Р.И., м.ғ.к. Садыков С.С., м.ғ.к. Тәжібаева С.Д., м.ғ.к. Крючков А.Т., м.ғ.д., профессор Хамзин А.Х., м.ғ.д. Тулеутаева З.К. Қазіргі уақытта кафедрада сәулелі зерттеу әдістерін (рентгенология, УДЗ, КТ, МРТ, ядролық медицина) оқытуды барлық деңгейлерде: бакалавриат, интернатура, резидентура жүргізеді. Сондай-ақ, кафедрада сәулелі диагностика мамандығы бойынша 2 жылдық резидентура аясында сәулелі диагностика дәрігерлерін дайындайды.
Сонымен қатар, кафедрада сәулелі диагностика бойынша PHD докторанттарды дайындайды.
Кафедраның ПОҚ-ы сәулелі диагностика мамандарының біліктілігін арттырумен айналысады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы клиникалық, педагогикалық және ғылыми жұмыстарда үлкен тәжірибесі бар мамандардан тұрады. Сондай-ақ, жыл сайын кафедра қызметкерлері жас қызметкерлермен жаңартылады. Кафедраның қызметкерлері Алматы қаласының медициналық мекемелерінде сәулелі диагностикасы саласы бойынша жетекші мамандар болып табылады.
Кафедра жақын және алыс шетел ғалымдарының қатысуымен мастер-класстар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізеді.
Кафедра қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Жакенова Ж.К., ассистенттер: Аманкулова Ж.Б., Нурымбетов К.М., Далиева Г.А., Бурхан Н., Есимова Т.М., Бурахан Б., Мырзабаева Г.Б., Кунанбаева А.Б., Дауытова Ю.Т., Филиппенко Е.В., Абыкешова А.К., Аргынбаева М.М., Керимкулов Б.Б., PHD докторант: Аманкулов Ж.М.
Достықты және ынтымақты ұстанатын кафедра қызметкерлері ҚазҰМУ-нің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру барысында өзінің салт-дәстүрлерін сақтай отырып, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.