№2 ЖТД интернатура және резидентура кафедрасы 2012 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі және оны ұйымдастырушы – медицина ғылымдарының кандидаты, Ақажанов Нұрбек Арасанович.
Әлеуметтік бағдарланған басымдылықты дамыту негізінде АМСК, тиімді және қолжетімді медициналық көмекті құруға, тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға №2 ЖТД интернатура және резидентура кафедрасының меңгерушісі Акажанов Н.А. БУК АМСК Орталығының басшысы болып тағайындалды ( 1а нұсқауы 08.01.2014жылдан). ҚР елбасы Назарбаев Н.Ә. Жолдауын іске асыру мақсатында Біріккен университет клиникасында АМСК Орталығы құрылды. №2 жалпы тәжірибелі дәрігер интернатура және резидентура кафедрасының атауы алғашқы медико-санитарлық көмек кафедрасы болып өзгертілді ( №7 хаттамадан көшірме ҚазҰМУ Ғылыми кеңес отырысы 29.01.2014жылдан).
2012 жылдан кафедра меңгерушісі Европа урологтар ассоциациясының мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты доцент Ақажанов Н.А. болды. 2011 жылы Алматы қаласының «Жылдың үздік дәрігері» атағын иеленген, «Денсаулық сақтау ұйымының үздік қызметкері» энциклопедиясына енгізілген. 2012 жылы «Д.А. Қонаевқа 100 жас» мерей тойында марапатталған. 2012 жылы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау саласының үздік менеджері» атағын иеленген.
2016 жылдың қыркүйегінде АМСК кафедрасы №2 Жалпы тәжірибелік дәрігер кафедрасы болып өзгертілді.