1972 жылдың 29 тамазында профессор С.Н. Нұрмановтың қолдауымен және мединституттың Ғалымдар Кеңесі шешімінің негізінде «Медициналық институттың студенттеріне онкологиядан білім беру үшін кафедраны ұйымдастыру» жөнінде Қазақ ССР денсаулық сақтау министрінің бұйрығы шығып, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің онкология, маммология және сәулелік терапия кафедрасы ашылды (ол кезде Алматы мемлекеттік медицина институты). Кафедраның алғашқы меңгерушісі және ұйымдастырушысы (1972 жылдың тамыз айынан 1980 жылдың мамыр айна дейін) ірі ғалым- околог, Қазақстандағы онкологиялық қызметті ұйымдастырушы, Қазақ онкология және радиалогия Ғылыми зерттеу институтының алғашқы директоры, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген дәрігері, профессор Нұғманов С.Н. болды. 1972 жылдан 1974 жылға дейін кафедра Қазақ онкология және радиалогия Ғылыми зерттеу институтында орнықты, ал 1974 жылдың қазан айынан (2016 жылдың мамыр айына 2018 жылдың қыркүйек айына дейін үзіліспен) кафедраның клиникалық базасы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының Алматы онкологиялық орталығы (бұрынғы Алматы қаласының қалалық онкологиялық диспансері) болды.
Кафедраның алғашқы қызметкері қатарында болған доцент Барсова Л.К. 1980 жылдан 1985 жылға дейін кафедраның меңгерушісі, 1999жылға дейін оқу ісінің меңгерушісаі болды.
1985 жылдан 2011 жылға дейін кафедраның меңгерушісі болып ҚР профилактикалық медицина Академиясының академигі, м.ғ.докторы, профессор Абисатов К.А. қызмет етті.
2001 жылдан 2003 жылға дейін кафедра меңгерушісі ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, Қазақ онкология және радиалогия ҒЗИ директоры (2000 жылдан 2011 жылға дейін) м.ғ.докторы, профессор, РАМН академигі Арзықұлов Ж.А.
2003 жылдан 2016 жылға дейін кафедра меңгерушісі м.ғ.докторы, профессор Кайдаров Б.К. болды.
2016 жылдың қыркүйек айынан қазергі кезге дейін кафедраны жоғары санаптағы дәрігер- онколог, ҚР ҰҒА академигі Қайдарова Д.Р. басқарып келеді.Кафедраның негізгі құрамында 5 профессор, 8 доцент, 4 ассистент бар. Диссертациялы жұмыспен екі PhD-докторант жұмыс жасайды. Жетекші, ірі, көпсалалы клиникалар болып табылатын кафедраның 2 негізгі клиникалық базасы: ҚР денсаулық сақтау министрінің Қазақ онкология және радиология ҒЗИ және Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының Алматы онкологиялық орталығы. Кафедра онколгиядан дәрігерлерді, «Хирургия, жалпы», «Акушер және гинекология», «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандықтарындағы интерн-дәрігерлергі онкология бойынша мамандарды дайындауда алдыңғы әдістемелік және тәжірибелік орталықтардың бірі болған және болып қалады. Кафедрада оқу жүйесінің тәжірибелік бағытын күшейтуде және интерндердің өз-өздерін, клиникалық ой-өрістерін дамытуда жауапкерлі және құзретті интерн-дәрігерлерді қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқаралады. Кафедра қызметкерлері клиникалық мамандықтан да, педагогикалық шеберліктен де білім алып, әрдайым өздерінің мамандық құзреттерін көтеріп отырады.
Қазіргі кезде кафедра қызметкерлері 9 клиникалық базада орналасқан: Кафедраның негізгі клиникалық базасы Алматы қаласы, Абай даңғылы 91 мекен жайында орналасқан Қазақ онкология және радиология ҒЗИ. Қосымша клиникалық базалары:
- «Амитрут- Дариға» медицина орталығы, Қазыбек-би көшесі 20б
- «Авиценна» медицина орталығы, Қабдолова көшесі,26.
- №2 Қалалық балалар ауруханасы, Алтынсарин көшесі, 54.
- «Сунармед» клиникасы
- «Мир Здоровья» медициналық орталығы. Рихард Зорге көшесі 16а.
- ІІМ госпиталі