2015 жылысәуір айының 20-24 күндераралығында «Жанұя» арнайы кешенінде мекеменің жасөспірімдері және қызметкерлерінің профилактикалық қарауы өткізілді. № 1 терапия бойыншаинтернатура және резидентура кафедра қызметкерлері, мына дәрігерлердің кеңесін қамтамасыз етуменпрофилактикалық қараудыөткізді: терапевт, кардиолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, нефролог, окулист. Антропометриялық зерттеулер жүргізіліп, сан және бел көлемдері өлшенді, бұлшықет массасы және висцеральды май көлемі анықталды, көрсеткіштер бойынша ЭКГ тіркеліп, қандағы қант деңгейі анықталды. Жасөспірімдерге көрсеткіштері бойынша эхокардиография жүргізілді. Патологиясы анықталған үлкендерге ары қарай зерттелуіне және емделуіне ұсыныстар берілді.Барлығы 36 жасөспірім және 150 үлкен адамдар тексерілді.