Академиялық ұтқырлық: Түркия – Қазақстан
Резидент Салтаев Айдардың Орду университетіндегі тәжірибесі
23.01.2026 – 07.02.2026 жылы аралығында «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша білім алушы резидент-дәрігер Салтаев Айдар Түркияның Орду университеті базасында 2 апталық академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтті.
Тағылымдаманың мақсаты мен мазмұны
Білім алмасу бағдарламасының негізгі мақсаты – заманауи медициналық білім беру жүйесімен танысу, клиникалық тәжірибені жетілдіру және ортопедиялық стоматология саласындағы жаңа технологияларды зерделеу болды. Резидент университеттің оқу-әдістемелік жүйесімен, материалдық-техникалық базасымен және клиникалық инфрақұрылымымен жан-жақты танысты.
Клиникалық бөлімдерде цифрлық технологиялардың, заманауи диагностикалық құралдардың және протездік құрылымдарды дайындаудың инновациялық тәсілдерінің тиімді енгізілгені байқалды. Сабақтар дәлелді медицина қағидаттарына негізделген интерактивті форматта ұйымдастырылды.
Ғылыми жетістіктер
Ұтқырлық нәтижесінде резидент 2026 жылдың 13-15 наурызында өтетін 21-ші Гиппократ Халықаралық конгресіне (Түркия) біріккен баяндама дайындап, ол бағдарламаға енгізілді. Қазіргі уақытта конференция жинағына тезис пен мақала әзірленуде.
Айдар С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұжымына және ортопедиялық стоматология кафедрасына халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
Орду университетінен фотоесеп












Тағылымдаманың жұмыс сәттері мен Орду қаласындағы мәдени бағдарлама (Түркия, 2026 ж.)

