Нейрохирургия пәнін оқыту барысында оқу үдерісінде Қазақстан Республикасының директивтік құжаттары зерделенеді: «Қазақстан–2030» стратегиясы, ҚР Конституциясы, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі.
Білім беру процесінде профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) мен резиденттер арасында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» құжатының негізгі қағидаларын оқып-үйренуге ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуын жеделдету мәселелері, патриотизм мен саяси ерік-жігер, елді демократияландырудың жаңа кезеңі, Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны және туған ел алдындағы жауапкершілігіміз қарастырылады. Сондай-ақ ҚР «Білім туралы» заңы мен ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі оқытылады.
Еңбекке деген жауапкершілікті, әртүрлі мәдениеттер мен тілдерге құрметті қалыптастыру сабақтар барысында оқытушының жеке үлгісі мен оқу үдерісінде туындайтын нақты жағдайларға байланысты жүргізілетін әңгімелер арқылы жүзеге асырылады. Академиялық топтарда Қазақстанда және шетелде болып жатқан оқиғалар туралы жедел ақпараттар өткізіледі. Денсаулық сақтау жүйесін, жоғары білім беруді реформалау мәселелері, мемлекет алдына қойылған міндеттер — «Әлемнің дамыған 50 елінің қатарына ену» тақырыбы талқыланады. ПОҚ пен резиденттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әңгімелер мен іс-шаралар өткізіледі.
Резиденттердің кәсіби тәрбиесі
Резиденттерде дәрігерлік этика мен медициналық деонтология қағидалары қалыптастырылады. ПОҚ резиденттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуын талдап, бұл туралы факультет деканаттарын уақтылы хабардар етеді. Резиденттердің зияткерлік-шығармашылық белсенділігі оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-студенттік үйірмелерге тарту арқылы ынталандырылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салты мәселелеріне, темекі шегу мен есірткіге тәуелділіктің алдын алуға тек тақырыптық сабақтарда ғана емес, басқа да оқу тақырыптарын меңгеру барысында ерекше көңіл бөлінеді. Практикалық сабақтарда резиденттермен әңгіме жүргізу, сауалнама алу, науқастарды көрсету, оқу кестелері мен оқу фильмдерін пайдалану, кафедра мен №7 қалалық клиникалық аурухана аумағында темекі шегуге тыйым салу арқылы тәрбиелік жұмыс жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыс сондай-ақ ПОҚ-тың бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде сөз сөйлеуі арқылы жүзеге асырылады.




