Университетте ақпаратты-тәрбие және идеологиялық жұмыс ҚР білім заңы, ҚР жастар политикасы заңына, ҚР білім және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен, білім алып жатқан жастарға үздіксіз концепциялы тәрбие беру негізінде іске асырылады.
Тәрбие жұмысын жүргізудің негізгі бағыттары:
- қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту арқылы студенттерді жетістікке жетуге, мақсат қоя білуге үйрету.Студенттерді университеттің көркеюі үшін қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту арқылы іске асады:
- азаматтық дамуын қалыптастыру, патриотизм, моральдық қасиеттерін қалыптастыру;
- студенттердің құқықтық санасын, олардың құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; университетте құқықтық тәрбинің деңгейін көтеру.
Қоғамдық-саяси сауаттылықты,университеттің дәстүрлерін сыйлауды, көп ұлтты Қазақстанның халықтарынының мәдениетіне, өнеріне, дініне сыйластықпен қарауды, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру. Студенттердің азаматтық – патриоттық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық – патриоттық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; университетте азаматтық – патриоттық тәрбие берудің деңгейін оның мазмұны мен әдіс– тәсілдерінінің, оқыту мен тәрбие үрдісінің тығыз байланысы негізінде көтеру
Кафедрада патриоттық сипатта іс-шаралар өткізіліде:
- Тәуелсіздік күні, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отанды қорғау күні, Жеңіс күні, медицина қызметкерлерінің ардагерлермен кездесуі;
Шығармашылық жиналыстар және концерттер өткізіледі:
- 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне;
- Медицина қызметкерлері күніне;
- Мұғалімдер күніне;
- үздік оқытушы, еңбек сіңген дәрігер және студенттер атағына орай кештер өткізіледі.