Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
- Қазақстан Республикасындағы вирустық гепатиттердің эпидемиологиясын зерттеу;
- ҚР популяциясында В, С, D созылмалы вирустық гепатиттерінің үдеу факторларын зерттеу;
- ҚР популяциясында вирустық гепатиттер мен ішектің қабыну ауруларын (ІҚА) емдеу тиімділігін зерттеу;
- ҚР популяциясында бауырдың аутоиммунды ауруларында үдеу факторлары мен терапияға жауап берудің предикторларын зерттеу;
- Ішектің қабыну ауруларының патогенезін, эпидемиологиясын және клиникалық-демографиялық көрсеткіштерін зерттеу;
- Вирустық гепатиттер мен метаболизммен ассоциацияланған стеатогепатит кезінде бауыр фиброзын анықтаудың инвазивті емес әдістерін әзірлеу;
- Бауыр циррозының асқынуларын түзетудің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу;
- Асқазан-ішек жолы мен бауыр ауруларын диагностикалаудың инвазивті және инвазивті емес жаңа әдістерін енгізу;
- Диагностикалық және емдік эндоскопия;
- Капсулалық эндоскопия.
Гастроэнтерология кафедрасында гастроэнтерология, гепатология және сабақтас салалардың өзекті мәселелерін зерттеуге, сондай-ақ диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін клиникалық тәжірибеге енгізуге бағытталған белсенді ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен студенттер мен резиденттердің белсенді қатысуымен жүзеге асырылады.
Халықаралық және жергілікті зерттеулер:
- MOSAIC (2014–2015 жж.) — созылмалы вирустық С гепатитінің (СВГ) эпидемиологиясын, гуманистік (өмір сапасы) және экономикалық ем нәтижелерін зерттеуге арналған халықаралық көпорталықты проспективті бақылаулық зерттеу;
- REPAIR (CHOLIL06738) (2014–2015 жж.) — амбулаториялық жағдайда стандартты терапияға қосымша ретінде эссенциалды фосфолипидтер қабылдаған созылмалы бауыр аурулары бар пациенттерді (созылмалы гепатит, бауыр стеатозы, қант диабеті мен семіздік аясындағы бауыр аурулары) зерттеу;
- EPID8018 (2014–2015 жж.) — ҚР амбулаториялық тәжірибесінде жоғары қауіп тобындағы пациенттер арасында алкогольді және алкогольсіз майлы бауыр ауруларының таралуын, сондай-ақ бауыр ферменттері белсенділігінің ауытқуын зерттеуге арналған көпорталықты эпидемиологиялық зерттеу;
- Созылмалы панкреатит бойынша дәрігерлердің хабардарлығын зерттеу (2015–2017 жж.) — клиникалық тәжірибедегі білім деңгейі мен емдеу тәсілдерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы ішектің қабыну ауруларының эпидемиологиясы (2015–2018 жж.) — ІҚА таралуы мен клиникалық ерекшеліктерін зерттеу;
- Урсосан® препаратының қолданылу тәжірибесін зерттеу бойынша халықаралық интервенциясыз бақылаулық зерттеу — алкогольсіз майлы бауыр ауруы бар пациенттерде атеросклероз бен бауыр фиброзының алдын алуды бағалау;
- Қазақстан Республикасындағы бастапқы билиарлы холангиті бар пациенттердің клинико-иммунологиялық сипаттамасы — аурудың клиникалық ағымы мен иммунологиялық маркерлерін зерттеу;
- Аутоиммунды гепатиті бар пациенттердегі клинико-иммунологиялық ерекшеліктер мен терапияға жауап предикторларын бағалау — емдеу тәсілдерін оңтайландыруға бағытталған ғылыми жоба;
- «Қазақстан Республикасында бауыр циррозы бар пациенттердегі бауыр энцефалопатиясының клинико-эпидемиологиялық бағасы және оны бағалау мен өзін-өзі бақылау құралдарын валидациялау» — заманауи шкалалар мен мониторинг құралдарын қолдана отырып жүргізілген зерттеу;
- ADEM-524-0479 ғылыми жобасы — гастроэнтерология және гепатология саласындағы кафедра қызметкерлері қатысатын ғылыми жоба.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу процесіне енгізіледі, клиникалық тәжірибеде қолданылады және республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда ұсынылады.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар:
- «Бауыр циррозы кезіндегі ісіну-асциттік синдромы бар пациенттерде биоимпедансометрияны қолдану» — биоимпеданстық дене құрамын талдау арқылы су секторларын, нутритивтік жағдайды және ісіну-асциттік синдром динамикасын объективті бағалау. Ғылыми жетекші: Абдуллаева Г.У.
- «Қазақстан Республикасындағы аутоиммунды гепатиті бар пациенттерде иммуносупрессивті терапия тиімділігінің клинико-иммунологиялық сипаттамасы және предикторларын бағалау» — емге жауап берумен байланысты клиникалық, зертханалық және иммунологиялық маркерлерді зерттеу. Ғылыми жетекші: Ашимова Н.А.
- Сурводутид препаратының ұзақ мерзімді тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға арналған III фазалы рандомизацияланған, қос соқыр, плацебо-бақыланатын көпорталықты халықаралық зерттеу — циррозсыз, фиброздың F2–F3 сатысы бар метаболизммен ассоциацияланған стеатогепатиті (НАСГ/ССМД) бар ересек пациенттерге арналған инновациялық терапияны бағалау. Ғылыми жетекші: Нерсесов А.В.
«Қазақстан Республикасындағы бастапқы билиарлы холангиттің клинико-эпидемиологиялық сипаттамасы» — таралуын, клиникалық ағымын, диагностика ерекшеліктері мен ауру нәтижелерін зерттеу. Ғылыми жетекші: Гайнутдин А.Е.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми басылымдарда жарияланып, оқу процесі мен клиникалық тәжірибеде қолданылады.
Кітапханамен қамтамасыз ету
Interna Clinic базасында гастроэнтерология, гепатология және сабақтас пәндер бойынша 200-ден астам оқу, ғылыми және клиникалық әдебиетті қамтитын мамандандырылған кітапхана жұмыс істейді.Кітапхана қоры баспа және электрондық форматта ұсынылған. Әдебиеттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Кафедраның әрбір резиденті мен білім алушысы кітапханалық ресурстарды еркін пайдалану құқығына ие.
Кафедра қызметкерлері тәжірибелік дәрігерлерге арналған«Бауыр циррозы және оның жиырма клиникалық маңызды асқынуы» атты әдістемелік құрал әзірледі.
Interna Academy — гастроэнтерология кафедрасы қызметкерлері әзірлеген, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің біліктілігін арттыруға арналған білім беру платформасы. Платформа ас қорыту жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне бағытталған дәрістерді, клиникалық жағдайларды талдауды және оқу материалдарын қамтиды.
Гастроэнтерология резиденттері үшін Interna Academy платформасындағы барлық оқу материалдары мен дәрістерге қолжетімділік тегін, бұл кәсіби білімді тереңдетуге, үздіксіз медициналық білім алуға және теорияны клиникалық тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.

