Кафедра тарихы

Ішкі аурулар кафедрасындағы резидентура 2016ж қыркүйек айында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанында құрылған болатын. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д профессор Айдаргалиева Н.Е тағайындалды.

2016-2017 жылдары кафедрада резиденттерге 7 мамандық түрі бойынша білім жүргізілді («Кардиология, сонымен қатар балалар». «Ревматология, сонымен қатар балалар». «Нефрология, сонымен қатар балалар». «Эндокринология, сонымен қатар балалар». «Аллергология, сонымен қатар балалар». «Спорттық медицина». «Клинико-лабораторлы зерттеу»), сонымен қатар «Ішкі аурулар» пәні.

2017-2018 жылдары кафедрада резиденттерге 5 мамандық түрі бойынша білім жүргізілді («Кардиология, сонымен қатар балалар». «Ревматология, сонымен қатар балалар». «Нефрология, сонымен қатар балалар». «Спорттық медицина»), сонымен қатар «Ішкі аурулар» пәні.

2018-2019 жылдары кафедрада резиденттерге 3 мамандық түрі бойынша білім жүргізілді («Кардиология, сонымен қатар балалар». «Ревматология, сонымен қатар балалар». «Спорттық медицина»), сонымен қатар «Ішкі аурулар» пәні.

2018-2019 жылдан бастап кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., Машкунова Ольга Васильевна

Кафедрада 9 мұғалім жұмыс істейді (2 профессор, 3 доцент, 2 ассистент). Барлық қызметкерлер жоғары білікті, Барлық қызметкерлер жоғары білікті, мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен тәжірибесі бар, жоғары және бірінші біліктілік санаты бар. Кафедра қызметкерлері клиникалық базаларда елеулі клиникалық жүктемені орындайды, ғылыми жұмыспен, практикалық денсаулық сақтаудың академиялық жұмысына жаңа әдістемелерді енгізумен айналысады. Дәрігерлермен бірге клиникалық базаларда ғылыми мақалалар жариялайды. Кафедрада практикалық денсаулық сақтау саласының жоғары білікті дәрігерлері де жұмыс істейді, соның ішінде 1 м.ғ.к және 4 дәрежесі жоқ. Қазіргі уақытта кафедраның штаттық қызметкерлері 3 клиникалық базада, қосыша қазметкерлер 5 клиникалық базада жұмыс істейді, негізгісі: ҚжІА ҒЗИ ҚР ДМ Әйтеке би, 120, 3 қабат