ҚазҰМУ-дың кардиология кафедрасы 2019 жылғы 1 қыркүйекте ұйымдастырылды. ҚазҰМУ кардиология кафедрасының меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты кардиолог-дәрігер, жоғары санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы Беркинбаев Салим Фахатович.
ҚазҰМУ кардиология кафедрасының кадрлық құрамы келесі қызметкерлермен ұсынылған: кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, жоғары санатты кардиолог-дәрігер Джунусбекова Гульнара Алдешовна; кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты кардиолог-дәрігер Тундыбаева Мейрамгүл Капсиметовна; кафедра профессоры, медицина ғылымдарының докторы, PhD, жоғары санатты кардиолог-дәрігер Уразалина Сауле Жақсылыққызы; медицина ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті, жоғары санатты кардиолог-дәрігер Ибакова Жанар Оңғарбаевна; кафедра ассистенті, кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, жоғары санатты кардиолог-дәрігер Кедельбаева Камиля Маратовна; кафедра ассистенті, бірінші санатты кардиолог-дәрігер Утебалиева Дария Джамбуловна; кафедра ассистенті, бірінші санатты кардиолог-дәрігер Мұхтарханова Диляра Мұхтаровна.
ҚазҰМУ кардиология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары педагогикалық, клиникалық және ғылыми әлеуетімен ерекшеленеді. Кафедра құрамындағы 8 қызметкердің ішінде 62,5%-ы ғылыми дәрежеге ие (4 медицина ғылымдарының докторы және профессор, 1 медицина ғылымдарының кандидаты), 100%-ы біліктілік санатына ие.
ҚазҰМУ кардиология кафедрасының клиникалық базалары Алматы қаласының және Қазақстан Республикасының жетекші медициналық ұйымдары болып табылады: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты (директоры – медицина ғылымдарының кандидаты Пашимов М.О.) және №7 қалалық клиникалық аурухана (бас дәрігері – медицина ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов М.Е.), «Private Clinic Almaty» көпсалалы медициналық орталығы (бас директоры Шуленбаев О.Ж.), заманауи медицина орталығы «Mediterra», «Almaty Sema Hospital» клиникасы.
Клиникалық базалар ең заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының халқына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған кардиологиялық (КІАҒЗИ) және көпсалалы (№7 ҚКА, Private Clinic, Sema Hospital, Mediterra заманауи медицина орталығы) стационарлық және амбулаториялық медициналық көмек көрсетеді.
Кафедра профессорлары мен доценттері клиникалық базаларға консультативтік көмек көрсетеді, кафедра ассистенттері науқастарды жүргізуді және кезекшілікті жүзеге асырады.
ҚазҰМУ кардиология кафедрасының негізгі ғылыми бағыты – заманауи ірі мегаполис тұрғындарында (Алматы қаласы мысалында) жедел миокард инфарктінің ерте және кеш кезеңдерінде ағымының ерекшеліктерін, әртүрлі факторлардың асқынулардың қалыптасуы мен даму механизмдеріне қатысуын зерттеу болып табылады.
Кафедрада докторанттар мен магистранттарды даярлау жүргізіледі. Резиденттер үшін ғылыми үйірме ұйымдастырылған.
2019 жылы кафедра қызметкерлері «Пациенттердің никотинге тәуелділігін емдеуде дәрігерлердің сауаттылығын арттыру» атты ғылыми-білім беру грантын алды, оның аясында оқу-әдістемелік материалдар әзірленіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерін халыққа темекіні тастауға медициналық көмек көрсетуге оқыту жүргізілді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу үдерісіне және практикалық денсаулық сақтау саласына жүрек-қантамыр ауруларын басқарудың заманауи менеджментін белсенді түрде енгізуде.
2019, 2022, 2023 жылдары артериялық гипертонияны, созылмалы ишемиялық жүрек ауруын, предиабетті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін, өкпелік гипертензияны диагностикалау және емдеу бойынша ұлттық клиникалық хаттамалар әзірленді.
Импакт-факторы 12 болатын басылымда 1 мақала, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда 20 мақала жарияланды.
Кафедра қызметкерлері Қазақстан кардиологтары қауымдастығының, Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандар қоғамының, Қазақстан терапевтер қауымдастығының мүшелері және жетекшілері; Еуропалық кардиологтар қоғамының, Еуропалық гипертония қоғамының, Еуропалық профилактикалық кардиология қоғамының мүшелері болып табылады.
2019–2023 жылдары кардиология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы профильдік қауымдастықтармен бірлесіп келесі іс-шараларды өткізді: халықаралық қатысумен Қазақстан кардиологтарының XI–XV конгресстері, халықаралық қатысумен Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика бойынша VI конгресс, халықаралық қатысумен антиагреганттық және антитромботикалық терапия бойынша III республикалық ғылыми-практикалық конференция, «Әйел жүрегінің құпиялары» ғылыми-практикалық конференциясы, «Липидті төмендетуші терапиядағы нетривиалды тәсілдер» ғылыми-практикалық конференциясы, халықаралық қатысумен «Онкология және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» конференциясы, «Кардиологиядағы фармакотерапия» конференциясы.

