№1 ТЕРАПИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ
Кафедра меңгерушісі– Беркинбаев Салим Фахатович медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ішкі аурулар және Кардиология ҒЗИ директоры, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Үздігі», «Парасат» орденімен марапатталған.
«Жоғары мектеп үздігі», «денсаулық сақтау Үздігі», медицина ғылымдарының докторы, профессор Полимбетов Дулат Сейтжанұлы басшылығымен, кафедра терапия бойынша интернатура кафедрасы ретінде1991 қаланған. Профессор Полимбетов Д.С. 20 жыл көлемінде өзермей тұрған басшы болып отырған, 2013 жылдан бастап кафедра басшылығына профессор С.Ф. Беркинбаев отырды. Кафедраның негізгі 5клиникалық базалары бар, олар алдыңғы қатарлы, ірі, көп салалы клиникалар болып табылады: К ж/е ІА ҒЗИ; ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы; ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери Клиникалық Госпиталі; Қалалық кардиологиялық орталық және Қалалық ревматологиялық орталық.
Кафедра интерн-терапевтерді кәсіби дайындауда алдыңғы қатарлы әдістемелік орталық болып отырған және әлі де солай қала береді. Терапия бойынша интернатураның барлық Типтік оқу бағдарламалары кафедра қызметкерлерімен әзірленген. 2011-2012 жж ҚазҰМУ-ң білім беру моделіне сәйкес «Ішкі аурулар» дайындығы бағытындағы интернатура бітірушілердің Біліктілік мінездемесі және «Кардиология, соның ішінде балалар» мамандығы бойынша ҚазҰМУ-ң резидент-тағылымгер Біліктілік мінездемесі дайындалып, енгізілген. Резидент және интерн білімдері және дағдылары тәуелсіз бағалануы енгізілуімен байланысты тесттік тапсырмалар және ОСКЭ үшін медициналық симуляция сценарилерді өңдеуге кафедра ПОҚ-ң білімі және тәжірибесі талапқа сай қажет болып отыр. Кафедрамен жасалған тесттер Білімді және дағдыларды тәуелсіз бағалау Республикалық орталығымен әрқашан оң бағаланыпотырады.
Кафедрада жауапты және білікті интерн-дәрігер түзу, өзін-өзі дайындау және оқу үрдісінің тәжірибелік бағытын нығайту, интерндердің өзіндік білім алу, клиникалық ойын терең дамыту бойынша жұмыс жасалынады. Осылай, 2013-2015 жж аралығында 20 аса интерактивті оқыту әдістемелері өңделіп, енгізілді: TBL, case-study, Project-based learning, Patient-based learning, рольдік ойын, дебрифинг, брейн-ринг, шығармашылық тапсырмалар және т.б.
Интерндердің тәжірибелік дағдыларын өтеуі және жетілдіру үшін бірнеше жыл бойы стандартты науқас және компьютерлік симулятор қолданумен гибридтік симуляция оқыту әдісі қолданылып келеді. Бұл нақты белгілі бір клиникалық жағдайда, әртүрлі көріністе интерндердің дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді: теориялық, тәжірибелік, коммуникативті және клиникалық ойлану деңгейін бүтіндей алғанда. Стандартты науқас қолданумен кафедраның 50 аса сценариі тәуелсіз эксперттердің мақұлдауын алды.
Кафедра қызметкерлері клиникалық мамандықтары және де педагогикалық шеберлігі бойынша оқу оқуы арқылы үнемі өзінің кәсіптік құзыреттігін жоғарылатып отырады: 3 жыл ішінде –25 аса әртүрлі циклдер, тренинг және семинарлар, соның ішінде жаңартпа әдістер бойынша да. Оқыту әдістері бойынша шет елдік тағылымдамаларды өтті –Израиль және Австрияда, мамандықтары бойынша – Израиль, Турция, Германия, Австрия (1000 сағ аса). Кафедраның ПОҚ белсенді түрде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жұмыс жасады. Халықаралық ынтымақтастық бойынша соңғы 3 жылда ТОП-500 ішіне кіретін университеттерден 4профессор білім беру үрдісіне қатысты: Манфред Цеендер (Фрайбург), Х. Нагаока (Япония), ЯковБарух (Технион, Израиль).
Кафедрада 6 мед.ғылымдарының докторы және 6 мед.ғылымдарының кандидаты жұмыс жасайды. Соңғы 5 жыл ішінде кафедра қызметкерлері 11 ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысқан. 30 кандидаттық және 3 докторлық диссертация қорғалды, 5 монография, 26 әдістемелік ұсыныс басылып шығарылып, 500 аса ғылыми жұмыс жасалынды, 16 патент алынды.
Кафедра үнемі ең соңғы консенсус және клиникалық ұсынылымдарға сәйкес оқу-әдістемелік материалдарды жасап отырады. Семинар, мастер-класс, ғылыми-тәжірибелік конференция (соңғы 3 жылда 25 аса) жүргізіліп, ем және диагностиканың жаңа әдістері енгізілді (3 жылда 20 аса).