Интернатура кафедрасы 01.08.1991 жьлы денсаулық сақтау министрлігінің N~291 буйрығы негiзiнде 27.06.91 жылы N~205 институт ректорының буйрығымен ашылды. 1993-1994 оқу жылы бiржылдық дипломнан кейiнгi тулектердi мамандандыру 4 айға дейiн қысқартылды, соған байланысты терапия бойынша тулектердi бiрiншiлiк мамандандыру жүргізілді.
1997 -1998 жылы кафедрада жалпы тәжiрибелiк дәрiгерлердi дайындау жүргiзiлдi. Оларды дайындауда ең алдымен терапиялық білімі маңызды болды, себебі ішкі ауруларды зерттеуде клиникалық ойлау негізі қалыптасады, диагностикалық зерттеу әдістерінің жетілдірілуі, салыстырмалы диагноз білімін тереңдету және дәлелді медицина тұрғысынан терапияны таңдау.
1999-2000 оқу жылы терапевт, фтизиатр, дерматолог, инфекционист, акушергинеколог, ЖТД дәрiгер-интерндердi дайындау жургiзiлдi.
Әр түрлі жылдарда кафедра факультеттiк терапия курстары бойынша, eмдiк дене шынықтыру, физиотерапия, эндокринология шығыс медицина негіздері бойынша сабақтар өткізді. Емдеу, бала жене тic емдеу факультеттерiнiң 4 курс студенттері, интерн-терапевтер, кардиологтар, эндокринологтар мен басқа мамандар оқытылды.
2009 жылы кафедра терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасына өзгертілген.
Кафедрада жұмыс істейтіндер: кафедра меңгерушісі, профессор Полимбетов Д.С., («Жоғарғы мектеп үздігі», «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Ерен енбегі үшін»), профессорлар Ердесова К.Е., Курманова Г.М., медицина ғылымының докторы Нургалиева Г.К., доценттер — Аймаханова Г.Т., Гринина С.А., Исинова Г.Н., Ползик Г.Б. («Денсаулық сақтау саласының үздігі»), медицина ғылымдарының кандидаты – Асамбаева Д.Э., Ахментаева Д.А., Жанкалова З.М., Капсултанова Д.А., ассистенттер – Нурашева Б.Т., Садыкова Ш.С., Турсунова А.Т.
Оқу үрдісі (завучтер – профессор Ердесова К.Е., доцент Ползик Г.Б., Аймаханова Г.Т.). Оқу үрдсінің жақсы әдістемелік қамтамасыз етілуі, тезаурус, білімді бағалаудың теңдессіз критерийлері, СӨЖ, факультативті дәрістер оқу, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, сонымен қатар тәжірибе жүзінде көрсете білу оқу-клиникалық симмуляциялық орталықта білімдері мен үйренушілер қабілетін арттырады.
Клиникалық жұмыс (жауапты – м.ғ.д. Нургалиева Г.К.). Қызмет-керлермен консультациялар, консилиум, клиникалық талдау, науқастарды курациялау, негізгі базалық мекемелерде ғылыми – тәжірибелік конференцияларға қатысу (ҚР ІІБ МО ОКА, ҚР ҚМ ӘКГ, қалалық кардиологиялық орталық, қалалық ревматологиялық орталық, ҚР кардиология және ішкі аурулар КазҒЗИ), барынша мамандандырылған бөлімдермен жабдықталған.
Жоғары квалификациялық кадрларды, педагогтар, аспиранттар, клиникалық ординаторларды дайындау жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу жұмысы (жауапты – м.ғ.д. Курманова Г.М.) Кафедра қаланғаннан бастап 28 кандидаттық диссертация қорғалды, 2 докторлық диссертация дайындалды, 5 монография, 30 әдiстемелiк нұсқаулар, 1500-ден астам ғылыми жұмыстар, зерттеу жургiзуге 20 патент берiлдi, 15 рационализаторлы нұсқаулар шығарылды. Кафедраның ғылыми- зерттеу басымдылықтары: «Жүректің ишемиялық ауруы, артериальді гипертензия, атерсклероз» жетекшісі профессор Полимбетовтың Д.С., «Жүректің ревматикалық аурулар» жетекшісі профессор Исаева Б.Г., «Жергілікті халықтың денсаулығына санитарлы-гигиеналық, экономикалық, кәсіптік факторлардың әсер ету көрсеткіші ретінде иммундық мәртебенің күйін зерттеу. Бактериялардың интерфероногенді штаммдарын негізге ала отырып иммуномодуляциялық препараттарды құрастыру» жетекшісі профессор Курманова Г.М.
Кафедра қызметкерлері халықаралық конференция жұмыстарына, симпозиумдар және конгресстерге қызу атсалысады.
Интерндердің ғылыми- зертеу жұмысы (жауапты – к.м.н. Капсултанова Д.А.). Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері кафедра қызметкерлерімен бірге жасалған басылымдарда көрсетілген (орысша, қазақша, ағылшын тілдерінде). Интерн-кардиолог Арынова Әлия (2003, Астана), интерн-терапевт Абирова Әсел (Алматы, 2004) және интерн-терапевт Қайырғали Шарбану (Қарағанды, 2005) Нурсалханова Джанина (2006), Байбориева Макпал (2008), Ашимханова Аимкуль, Тримова Гульжан (2009) ҚР ЖОО-ң ең уздiк интернi Республикалық конкурстарында жүлделі орындар алды.
Тәрбиелік жұмыс (жауапты ассистент Садыкова Ш.С.). Ақпараттық-тәрбие жұмысын кураторлық сағат, тәлімгерлік, директивті құжаттарды талқылау, қаулы, жұмыс жоспарына сай мәдени деңгейін жоғарылату түрінде кафедра қызметкерлерінің барлығымен өткізіледі.
Кафедра қызметкерлері әрдайым өздерінің кәсіби және оқытушылық деңгейін әртүрлі курстарға (компьютерлік сауаттылық, конфликтология негіздері, педагогика мен психология, мемлекеттік тіл мен шет тілдері, дәлелді медицина, тестология негіздері, резидентурада оқыту және т.б.) қатысу арқылы жоғарылатады.