Магистратура

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 15 тамыздағы заңына сәйкес (17.07.2009 ж. өзгертулер мен толықтырулармен) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентура, магистратура және докторантураны біріктіреді (мақала 36. т.5.).

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау резидентурада, магистратурада және PhD докторантурада жүргізіледі, емханалық мамандықтар бойынша дәрігер-мамандарды тереңдетіп дайындау резидентурада жүргізіледі.

 

№р/с

Коды

Мамандықтардың атаулары

Оқу мерзімі

Магистратура

11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)

  6М110100 медицина 1,5 — 2 жыл
  6М110200 қоғамдық денсаулық сақтау 1,5 — 2 жыл
  6М110300 мейірбике ісі 1,5 — 2 жыл
  6М110400 фармация 1,5 — 2 жыл
  6М110500 медициналық-профилактикалық іс 1,5 — 2 жыл

5 Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

  6М050700 менеджмент 1,5 — 2 жыл

7. Техникалық ғылымдар және технологиялар

  6М074800 фармацевтикалық өндірістің технологиясы 1,5 — 2 жыл

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы:

— бейінді дайындықта — 1-1,5 жыл;

— ғылыми және педагогикалық дайындықта — 2 жыл.

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға «магистр» деген академиялық дәреже беріледі (таңдаған мамандығына сәйкес).

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға «медицина ғылымдарының магистрі» деген академиялық дәреже беріледі(таңдаған мамандығына сәйкес).

2

Магистратура,(PhD)докторантуражәне резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдау20 маусымнан бастап20 шілде аралығында жүргізіледі.

Түсу емтиханды: 2012 жылдың 1-20 тамыз аралығы.

Магистратура, докторантура (PhD) және резидентураға тапсырушы азаматтар төмендегідей түсу емтихандарын тапсырады:

1) шет тілдердің біреуі бойынша (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша.

1