Кафедра қызметкерлері ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас маманы Жанаспаева Г.А. және МУК профессоры Шевелева Н.И. басшылығымен «Физикалық медицина және реабилитация (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша жоғары білім берудің ТҮП МЖМБС оқу жоспарын әзірледі. Оқу жоспары 2023 жылғы 9 қаңтардағы ҚР ДСМ №4 бұйрығымен бекітілді.
Сондай-ақ кафедра қызметкерлері осы мамандық бойынша кәсіби стандарт жобасын дайындады. Аталған стандарт 2024 жылғы 25 қаңтардағы ҚР ДСМ №46 бұйрығымен бекітілді.
08.04.2025 жылы “Медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы”Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 бұйрығына толықтырулар енгізу кезінде қатысты.