Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасы қызметкерлерімен 2012 жыл мамырдың 16 мен 18 аралығында кәсіби даярлау (интернатура) деканатының 15.05.2012 ж. жарлығына сәйкес, балаларға профилактикалық қарап тексеру жүргізілді. Профилактикалық қарап тексеру № 41 балабақшада, №95 жалпы білім беру мектебінде, №39 лицейде өткізілді.
Барлығы 514 бала қарап тексерілді.
Доцент З.Г.Давлетгильдеевамен, ассистент Н.Т.Баймахановамен және 709, 714 топ интерн педиатрларымен №41 балабақшаның 3 пен 6 жасар 92 балаға профилактикалық тексеру жүргізілді. Қарап тексерудің нәтижесінде 49 бала жеке мамандарға кеңес алуға жолдама берілді.
Ассистент А.Ж.Жунусовамен, Н.У.Кенембаевамен, 703, 708 топ интерн педиатрлармен №95 жалпы білім беретін мектептің 5 – 6 сыныптар арасында 133 оқушыларға профилактикалық қарап тексеру жүргізілді. 70 балаға жеке мамандардың кеңесіне жолдама ұсынылды.
№39 лицейде ассистент А.Ж. Жунусовамен және 703, 704, 708, 717 топ интерн педиатрлармен 5 – 7 сыныптар арасында 289 оқушыға профилактикалық қарап тексеру жүргізілді. Қарап тексерудің нәтижесінде жеке мамандардың кеңесіне 194 оқушыға ұсыныстар берілді.
Жеке мамандардың кеңесіне жолданған балалардың саны
№ | Барлығы қарап тексерілгендер | Кеңеске жолданғандар | |
Абс. | % | ||
№41 балабақша | 92 | 49 | 53,2 |
№95 жалпы білім беретін мектеп | 133 | 70 | 52,6 |
№39 лицей | 289 | 194 | 67,1 |
Барлығы | 514 | 313 | 60,8 |
Жеке мамандардың кеңесіне жолданған балаларды бөлу
№ | Жеке мамандар | №41 балабақша (92)
| №95 жалпы білім беретін мектеп (133) | №39 лицей (289) | |||
Абс. | % | Абс. | % | Абс. | % | ||
1 | Гематолог | 5 | 10,2 | 8 | 6 | 20 | 6,9 |
2 | Эндокринолог | 8 | 16,3 | 14 | 10,5 | 25 | 8,6 |
3 | Стоматолог | 8 | 16,3 | 8 | 6 | 54 | 18,6 |
4 | Оториноларинголог | 9 | 18,3 | 2 | 1,5 | 41 | 14,1 |
5 | Гастроэнтеролог | 7 | 14,3 | 15 | 11,3 | 34 | 11,7 |
6 | Нефролог | 6 | 12,2 | 1 | 0,75 | 2 | 0,6 |
7 | Аллерголог | 2 | 4,0 | 3 | 2,3 | 6 | 2 |
8 | Участковый педиатр | 5 | 10,2 | – | – | – | – |
9 | Инфекционист | 1 | 2,0 | – | – | – | – |
11 | Окулист | – | – | 9 | 6,7 | 13 | 4,4 |
12 | Невролог | – | – | 5 | 3,7 | 25 | 8,6 |
13 | Хирург | – | – | 2 | 1,5 | 3 | 1 |
14 | Дерматолог | – | – | 1 | 0,75 | – | – |
15 | Кардиолог | – | – | 6 | 4,5 | 11 | 3,8 |
16 | Травматолог | – | – | – | – | 2 | 0,6 |
Балалардың басым бөлігі гастроэнтеролог маманына жіберілді, сосын Лор-дәрігерге, гематологқа, эндокринологқа жолданды.
Анықталған патологияны бақылау мақсатында 2012 жылдың қыркүйек-қазан айларында профилактикалық қарап тексеруді қайта жүргізу жоспарланып отыр.
Кафедра меңгерушісі И.В.Брежнева