Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмысы кафедраның қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары бекітіледі, оған келесі бағыттар кіреді: баспа қызметі, мақалалар жариялау, конгрестер, оқу мастер-кластары мен конференциялар өткізу, ғылыми өнімдерге рецензия жасау, профессорлық-оқытушылық құрамның республикалық және халықаралық деңгейдегі біліктілігін арттыру. Кафедра оқытушылары жыл сайын резидент-дәрігерлердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді. Резиденттер жыл сайын республикалық және халықаралық конференцияларға қатысып, түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болуда. Сондай-ақ кафедра қызметкерлері резидент-дәрігерлермен бірлесе ғылыми жарияланымдар шығарады.

Кафедра қызметкерлері үнемі республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады. 2023 жылы 1-ші Халықаралық Asfen.Forum – «Жаңа буын – 2023» форумы аясында «Реабилитация және спорттық медицина» секциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Оған 1 және 2-курс резиденттері, ҚазҰМУ, МУА, Самарқанд мемлекеттік медицина университеті, Ташкент медицина академиясы, Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, бейімделген дене шынықтыру және спорттық медицина саласындағы мамандар қатысты.

2025 жылы «ANaMed Forum – New Generation 2025» халықаралық форумы аясында «Медициналық реабилитациядағы жасанды интеллект мүмкіндіктері» секциясы ұйымдастырылды. Секцияға ҚазҰМУ, МУА, МУК, Самарқанд мемлекеттік медицина университеті, Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми орталықтың жас ғалымдары мен резиденттері қатысты.