Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедра оқытушыларының жетекшілігімен белсенді түрде жүргізіледі.

Әр аптаның дүйсенбі күні «АО «ННЦХ им. А.Н. Сызганова»» үлкен конференц-залында кафедра резиденттері ғылыми баяндамалар жасап, өз жұмыстарын оқытушылармен талқылайды. Резиденттердің ғылыми баяндамаларын үздіксіз өткізу үшін арнайы кесте бекітілген. Резиденттер мен оқытушылар арасындағы мұндай тығыз ғылыми пікір алмасу өз нәтижесін көрсетуде.

Академик М. А. Алиевтің 90 жылдығына арналған «Академик М. А. Алиевтің Қазақстан хирургиясының дамуына қосқан үлесі» атты Қазақстан хирургтарының VIII конгресінде «Жас ғалымдар» постерлік секциясында кафедраның резиденттері мен докторанттары жүлделі I және II орындарды иеленді.

Ғылыми жетекші – доцент Каниев Ш. А.
Резидент – Замзам Н. Е.
Ғылыми-зерттеу жұмысы: «Дәстүрлі хирургиялық әдіспен салыстырғанда шап жарығына лапароскопиялық герниопластиканың нәтижелері».

Ғылыми жетекші – доцент Жарылкапов Н. С.
Резидент – Асан Н.
Ғылыми-зерттеу жұмысы: «Бауырдың кистозды эхинококкозын хирургиялық емдеудің заманауи қағидаттары».

Ғылыми жетекші – доцент Досханов М. О.
Докторант – Мусина А. С.
Ғылыми-зерттеу жұмысы: «Тірі туыстық донордан бауыр трансплантациясы кезінде билиарлық асқынуларды миниинвазивті түзету».