Бүгінгі таңда кафедраның ғылыми потенциалы 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты және ассистенттерді құрайды.
Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізеді.
Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарына резиденттер оқытудың барлық деңгейлерінде белсенді қатысады.
Зерттеу нәтижелерін университеттің клиникалық базаларында енгізіледі, сонымен қатар семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда және Қазақстан Республикасы мен таяу шет елдердің съездерінде, кафедра қызметкерлері мен резиденттері арқылы баяндалады.
Кафедра жыл сайын клиникалық базаларда денсаулық сақтау мамандарымен және ғылыми орталықтармен бірлесіп, ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізеді.
Кафедра қызметкерлері 5 оқу құралы мен әдістемелік ұсынымдар шығарды, 300-ден астам ғылыми мақалалар және 20-дан астам ҚР патенттерін құрылған сәттен бастап жариялады.
Кафедра оқытушылары мен резиденттері, Қазақстан Республикасы мен таяу шет елдерде өткізілетін ғылыми іс-шараларда, ауызша және постерлік баяндамалармен, сондай-ақ конференция материалдарының жинағында тезистер мен мақалалар жариялауға қатысады.
Құрылған күннен бастап бір кандидаттық диссертация қорғалды, ҒТЖ-ға 2 өтініш берілді, ҚР республикалық басылымдарында 15 мақала және 2 тезис жарияланды.