С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Кёнбук Ұлттық университетінің Чильгок госпиталі (Оңтүстік Корея) және Korea Foundation қоры арасында үшжақты меморандум аясында 2019–2021 жылдары «Корея-қазақ оңалту медицинасы» атты бірлескен бағдарлама жүзеге асырылды. Физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина кафедрасының 3 оқытушысы және 1 резиденті профессор Tae-du Jung жетекшілігімен Кёнбук Ұлттық университетінің Чильгок госпиталі базасында тағылымдамадан өтті.