Кафедра оқытушылары әр топта жүйелі түрде әңгімелер мен пікірталастар өткізеді. Әр топта хирургтің қалыптасу жолы туралы әңгімелер ұйымдастырылып, онда өз тәжірибесі мен әріптестерінің мысалдары негізінде мамандықтың қалыптасуындағы ең маңызды кезеңдер баяндалады.
Біздің университетте студенттердің қалауына қарай сабақтар үш тілде жүргізіледі. Университет ректорының бұйрығына сәйкес орыс бөлімінде қазақ тілінде, ал қазақ бөлімінде орыс тілінде факультативтік сабақтар өткізіледі.
Баршаға белгілі, көптеген мемлекеттерде қылмыс, экстремизм және терроризм өсуде. Біздің елімізде де мұндай жағдайлар кездеседі. Осыған байланысты кафедрада жалпы хирургия циклінен өткен студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Маңызды мәселелердің бірі — медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және олардың даярлық сапасы. Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет.
Кафедрада патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі: Тәуелсіздік күні, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні, медициналық қызмет ардагерлерімен кездесу күні.

