Резидентура
Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу беру түрі.
Резидентурада мамандар даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру тізбесі “Интернатурада және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтарының тізбелерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 14 ақпанда № 5134 болып тіркелген) бекітілген клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Резидентурада кадрлар даярлау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 Бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 қыркүйекте № 12007 болып тіркелген) бекітілген медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, резидентураның медициналық мамандықтары бойынша үлгілік (типовой) кәсіптік оқу бағдарламасына және резидентураның медициналық мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өткен мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру және ғылым ұйымдарында орналастырылады.
Резидентураға қабылдау және оқыту
Резидентураға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың Үлгілік ережелері негізінде жүзеге асырылады.
Жоғары медициналық білімі бар, емтихан сынақтарынан табысты өткен және конкурс бойынша өткен адамдардың резидентураға қабылдану құқығы бар. Резидентурада оқу күндізгі түрде жүзеге асырылады. Оқу ұзақтығы 2 жылдан 4 жылға дейін.
Сабақ 1 қыркүйектен басталады.
Резидентурада білім алушыларға бюджеттік негізде стипендия тиісті нормативтік құжаттарда белгіленген мөлшерде қабылданған күнінен бастап, және олардың бұрынғы жұмыс орнынан жалақы алу тоқтатылғанан кейін төленеді.
Резидентурада оқу мерзімі дәрігердің еңбек өтіліне есептеледі.