Кафедра тарихы

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Физикалық медицина және реабилитация» кафедрасы 2019 жылы кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы Төлебаева Дина Бакытовна басшылығымен құрылды. 2020 жылы кафедра «Физикалық медицина және реабилитация, спорттық медицина» кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметіне м.ғ.к. Мырзабаева Нейля Абдулаевна тағайындалды. 2023 жылдан 2024 жылға дейін кафедраны п.ғ.к., доцент Андасова Жанар Мурзакалиевна басқарды. 15.10.2024 жылдан бастап кафедраны м.ғ.к., доцент Избасарова Акмарал Шаймерденовна басқарады.

Кафедраның мақсаты – қоғамның медициналық көмекке деген сұранысын қанағаттандыра алатын, заманауи инновациялық технологияларды тәжірибеде және ғылымда қолдана алатын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті физикалық медицина және реабилитация, спорттық медицина мамандарын даярлау.

Кафедрада «Физикалық медицина және реабилитация (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша резиденттер дайындалады.

Резидентураның мақсаты – амбулаториялар, стационарлар, орталықтарының реабилитация бөлімдерінде, орта және жоғары оқу орындарында, жеке медициналық мекемелерде және жеке практикада жұмыс істейтін физикалық медицина және оңалту дәрігерлерін даярлау.

Сондай-ақ кафедрада С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың үздіксіз кәсіби даму факультетімен (ҮКДФ) бірлесіп медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

Мекенжайы Кафедраның негізгі клиникалық базалар – «Almaty Resort» шипажайының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, мекенжайы: Қарғалы ықшамауданы, Әлмерек көшесі, 1/1.