Кардиохирургия курсы 2010 жылдың мамыр айында, үздіксіз білім беру орталығында “кардиохирургия, анестезиология, реаниматология және ультрадыбыстық диагностика” курстарымен бірге, “хирургия” кафедрасының құрамында ұйымдастырылды. 2013 жылы С. Д. Асфендияров атындағы, ҚазҰМУ-нің Ғылыми Кеңесінің шешімімен курс жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасына айналды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі Егембердиев Төлеген Жанылбекұлы — медицина ғылымдарының докторы, жүрек-қан тамырлары хирургиясы бойынша жоғары біліктілік санатты хирург-профессор. Т. Ж. Егембердиев ғылыми-практикалық қызметтің 40 жылдан астам уақытын жүрек-қан тамырлары хирургиясының өзекті мәселелеріне арналған. Бүкілодақтық және республикалық ғылыми тақырыптардың жауапты орындаушысы және жетекшісі болды. Ол жүрекке, қолқаға, магистральды артерияларға және тамырларға реконструктивті-қалпына келтіру операцияларының жаңа түрлерін әзірлеуге және енгізуге белсенді қатысты. 1979 жылдан бастап, Т. Ж. Егембердиев ұсынған жаңа типтегі тамыр биопротездері, аорта және магистральдық артерия ауруларын хирургиялық емдеуде, сондай-ақ бүйрек аллотрансплантациясында, Қазақстан Республикасында ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен қолданылады.
Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі-Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор.
Профессорлық-оқытушылық құрамға 2 профессор, 3 доцент, 4 кафедра ассистенті кіреді.