Бұл шара Алматы қаласы №2 ҚКБА өткізілді және оған тек оқушылар мен оқытушылар ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дәрігерлерді де біріктірді. Кафедраның ұжымы кафедраның меңгерушісі м.ғ.к. И.В.Брежневаның басшылығымен ой мазалайтын сұрақтар, парақорлық әрекеттердің себептері мен туындайтын жағдайлары, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында заманауи жағдайда қандай заңгерлік базалардың бар екендігі, ең парақор құрылымдар туралы ақпараттар талқыланды.
Конференцияда ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі профессор Жаннар Ғабиденқызы Мустафина белсенді қатысты, ол құқық бұзушылықтың осы түрінің жүзеге асырылуы бойынша тұрғындар арасындағы қауіп топтары мен ең мәселелі аймақтардан хабардар етті. Өзінің самаладай және әсершіл сөзінде, Жаннар Ғабиденқызы әртүрлі елдердің парақорлыққа деген көзқарастарына салыстырмалы талдау жасады, сонымен қатар Солтүстік Еуропа, Сингапур және т.б. мемлекеттерде осындай қылмыстық жағдайдың жоқтығын негіздей отырып, университетіміздегі парақорлыққа қарсы әрекеттер туралы өткізіліп жатырған шараларды айтты. Болашақ дәрігерлерге деген өзінің берген батасында, елінің алдында өздерінің және дәрігерлік кәсіби борышын өтеуге шақырды, сонымен қатар біздің университетіміздің ұжымы шын жүректен өздерінің түлектері үшін және олардың болашақтары үшін жандары ашитындығын атап өтті.
Конференцияға резиденттер А.Сейдинова, А.Мырзабаева, А.Реметова, педиатр интерндер В.Цой, Н.Ли қатысты. Конференцияның қатысушыларына «Мемлекет парақорлыққа қарсы», «ҚР парақорлықпен күрес» таспароликтері көрсетілді. Болашақ дәрігерлердің баяндамалары «Парақорлық ? сұрақтың тарихы», «Парақорлыққа қарсы әрекет бойынша бағдарлама», «Біз болашақты өз қолымызбен құрамыз», «Жастар парақорлыққа қарсы әрекет етеді» тақырыптары арналды, сонымен қатар студенттер, интерндер,тәжірибелік дәрігерлер арасындағы пікірталаста осы шараға бейжай қарамайтындықтарын, біздің студентеріміз, интерндер, резиденттер өздерінің кәсіби қағидаларын, «дәрігер» деген атақтарын намыспен және абыроймен қорғайтындықтарын көрсетті. Шарада парақорлық лаңкестікпен салыстырылды, сонымен қатар ұсынылған көрсетілген парақорлыққа қарсы әрекеттер, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары мен оқушылары парақорлықты нақты бір ұжымды бұзып қана қоймай, бүтіндей мемлекетті бұзуға бағытталған қылмыс деп санайтындықтарын атап өтті. Конференцияның соңында Ирина Владимирқызы Брежнева шығып сөйледі, ол барлығын, оқушыларды, оқытушыларды, тәжірибелік дәрігерлерді парақорлық бұзушылыққа қарсы әрекетте бірігуге, жұмыс жасап жүрген дәрігерлер мен оқушылар бар мекемелерде өздерінің іс әркеттерімен позитивті имидж қалыптастыруға шақырды.
Ізгі тілекпен Сарсенбаева Сауле Сарсенбайқызы.