Орта буын медицина қызметкерлерін даярлайтын білім ордасы

 

 

Талғар медициналық колледжі 1937 жылы ашылып, 1957 жылдан бастап мейіркеш мектебі – медициналық училищесі болып аталған. Тек 1994 жылы ғана медициналық колледж мәртебесіне ие болды. Жиырма жылдан бері медициналық орта буын қызметкерін дайындауда. Республикамыздағы 37 медицина колледжінің ішіндегі алдыңғы қатарлы медициналық оқу орынының бірі болып табылады. Білім ордасын Денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымының кандидаты тәжірибелі хирург Құдабаев Бағжан Әкәмбайұлы басқаруда.

Талгар медициналык колледжінде 2014 жылы 24 қазанда «Реанимация және қарқынды терапия бөлімінде орта буын медициналық қызметкерлердің рөлі» атты ғылыми- тәжірибелік конференция өткізілді. Бас ұйымдастырушысы – Талғар медициналық колледжінің директоры, денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымының кандидаты Б.Ә. Құдабаев. Жиын мақсаты – орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін және жұмыстағы жауапкершіліктерін арттыру, сонымен қатар, өзге әріптестермен тәжірибе алмасу болып табылды. Конференцияда Райымбек аудандық орталық ауруханасы, Көкшетау медициналық колледжі, Алматы аймақтық қатерлі ісік ауруы диспансері, Шымкент медициналық колледжі, Талдықорған медициналық колледжі, Талғар медициналық колледжі, Талғар қаласының аудандық қатерлі ісік диспансері, Еңбекшіқазақ орталық аудандық ауруханасы, Талғар қаласының орталық аудандық ауруханасынан дәрігерлер, мейірбикелер, студенттер ат салысып, баяндамаларын оқыды. Бұл конференцияның ерекшелігі және Талғар медициналық колледжінің жетістігі телемедицина байланысы арқылы республиканың түкпір – түкпірімен тікелей қатынас алып, үш тілде баяндамалар оқылып өзекті мәселелер шешілді. Оқылған баяндамалардың негізгі мәселесі – орта буын медициналық қызметкерлердің реанимация және қарқынды терапия бөліміндегі маңызды рөлін көрсету. Бұл қарапайым болғанымен, аса өзекті мәселе деп айта аламыз.

Конференция отырысын төрағалар С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Анестезиология, реаниматология және қарқынды емдеу» кафедрасы меңгерушісі,м.ғ.д., профессор Исраилова В. К., Алматы облыстық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Мейірбеков М. Б. баға берумен аяқтады. Төрағалардың пікірінше, конференция жоғары деңгейде өткізілді.

Сонымен қатар, айта кететін жайт колледж директоры Б. Ә. Құдабаев Анестезиология, реаниматология және қарқынды емдеу кафедрасымен серіктес болуын ұсынды. Профессор В. К. Исраилова ұсынысын қабыл алып, өз тарапынан кафедра ұжымымен «Анестезиология, реаниматология және қарқынды емдеу» бойынша орта буын медициналық қызметкерлер деңгейінде қажетті мастер – кластармен семинарлар өткізетінін айта кетті.

Талғар медициналық колледжі қызметкерлерінің жоғары білімді болуы және оқу кабинеттерінің заманауи әрі сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілуі – білікті маман дайындаудың жоғары кепілі деп білеміз

Рисунок8 Рисунок9