С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Жаңа жылдың басы Ұлттық университетімізде жастарға үлгі-өнеге боларлық, болашақ ұрпақты салауатты өмір салтына баулитын қайырымды іс-шарамен басталды. Қаңтар айының он үшінші жұлдызында “Жүйке аурулары” кафедрасы ассистенттері жылдық оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, кафедра жетекшісі Нұрғожаев Е.С. басшылығымен университет студенттерімен бірге Алматы қаласының №141 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дәріс оқылды. Атап айтқанда кафедра жетекшісі Нұрғожаев Е.С, осы кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Изтілеуова А.Ш. “Жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды! Ішімдікке жол жоқ!” тақырыбында, ал кафедра ассистенті Кадржанова Ғ.Б. “Темекі тартқаның- өзіңді құртқаның!” атты тақырыпта 9-11 сынып оқушыларна дәріс оқыды. Сонымен қатар осы тәрбиелік маңызы зор шараны ұйымдастырып, ішімдікке құмартып, темекіге салыну жас ұрпақтың денсаулығына ғана емес, болашақ өміріне де аса қауіпті екендігін жасөспірім мектеп балаларының санасына жеткізуге “Жалпы медицина” факультетінің бітіруші 5 курс 30-1 және 33-2 топ студенттері Шораев М.Е., Нұрлан Г.Н., Рахим Р.Т., дәріс оқып, белсене ат салысты. Шара барысында оқушыларға көрнекті презентациялармен қатар қызықты әрі берер сабағы мол танымдық қысқа бейне-баяндар көрсетілді. Дәріс соңында арнайы сауалнамаға жауап алынып, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Ересек өмірге аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектер үшін осындай дәрістің тәрбиелік-танымдық маңызы орасан екендігіне сенімдіміз.Болашақ жастар тәрбиесі мен денсаулығына көңіл бөліп, осындай іс-шара өткізгені үшін №141 жалпы білім беретін мектеп басшылығы мен ұжымы еліміздің алдыңғы қатарлы Ұлттық медицина университеті ректорына, “Жүйке аурулары” кафедрасының ұжымына және университет студенттеріне алғысын білдірді.
“Жүйке аурулары” кафедрасының ассистенті Сарибаева Б.С.