
2025 жылы 2 мамырда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Халықаралық радиология қоғамының мүшесі, Хаджеттепе университетінің профессоры, «Байындыр» (Түркия) ауруханасының радиология бөлімінің меңгерушісі, доктор Окан Аханның дәрістері өтеді.
Доктор Окан Ахан жалпы хирургия, гастроэнтерология, жұқпалы аурулар, радиология мамандықтары бойынша, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар дәріс өткізеді.
Дәрістің тақырыптары:
- Кистозды эхинококкозды емдеудің пункциялық әдістері;
- Бауыр, бүйрек және ұйқы безі ісіктерін тері арқылы емдеу;
- Талқылау және сұрақтарға жауап.
Өткізу орны: Төле би көшесі, 94, № 7 оқу ғимараты, 4-қабат, № 8 аудитория.
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 2 мамыр, сағат 15: 00-ден 17: 00-ге дейін.
Барлық қызығушылық танытқандарды дәріске келуге шақырамыз!

