«Графикалық органайзер» иновациялық интерактивті әдісі бойынша «Тыныс жолдарының аллергиялық аурулары. Поллиноз. Балалардағы бронх демікпесі» тақырыбына «Педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының» ассистенті Баймұратова А.Д. 2014 жылдың 27 ақпанында
тәжірбиелік ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Балалардың тыныс жолдарының аллергиялық аурулары, поллиноз жайында түсінік беру. Балалардағы бронх демікпесінің этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеуі бойынша студенттердің білімін қалыптастыру
Ашық сабақ ЖМ 4 курс 026-1 топ студенттерімен өткізілді. Сабаққа 7 студент қатысты:
- Асылбекова Айдана
- Амантаева Толғанай
- Кертай Әйгерім
- Еркынова Айгерім
- Муратова Маржан
- Пернебекова Айнур
- Санақ Ақерке
Студенттер БД өзекті мәселе екенін атап айтты. Аллергиялық аурулар ішінде бронх демікпесі ерекше орын алады. Бұл ауру жыл сайын жиілеп келеді және жасара түсуде. Аурудың дебюті ересектерге қарағанда балаларда жиі. Әлемдік статистика бойынша ересектер арасында- 5%, балалар арасында-10% бронх демікпесі кездеседі. БД экологиямен орайлас ауру. Соңғы жылдарда әлемде қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық факторларының әсеріне байланысты (ауаның өндірістік химиялық ластануы) аллергиялық аурулар жиілеуде. Оқытушы студенттерді 2 топқа бөлді. Әр топқа плакат пен маркерлер беріп, бірінші топқа бронх демікпесінің этиопатогенезін, екінші топқа бронх демікпесінің клиникасын, обьективті көріністерін, жіктелуін графикалық бейнелеуге уақыт берілді. Бұдан кейін әр топтың спикері өз плакатын талқылап, презентациялады. Әр топқа аллергология бөлімшесінде емделген екі баланың сырқатнамасы клиникалық есеп ретінде берілді. Бұл сырқатнамалар толық талданып, студенттер науқастарға ем тағайындады.
Бронх демікпесінен толығымен сауығып кету мүмкін емес, бірақ ұстама асқынуларының алдын алу, аурудың дамуын бақылауда базистық сатылап емдеу ерекше аталды, бұл арқылы баланың қалыпты өмір сүруіне, мектепке баруына, спортпен айналысуына т.б. мүмкіндік беруге болады. Кафедраның оқытушылары сабақтың сапасына қанағат болғандарын және тәжірибе алмастыру үшін ашық сабақтарды өткізу қажеттігін айқындай түсті.